ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Жапон ғалымдарына Нобель сыйлығы табысталды
74 жастағы Симон Сакагучи мен Сусуму Китагава бір жыл ішінде екі түрлі сала бойынша марапатқа ие болды.
Жапон ғалымдарына Нобель сыйлығы табысталды
Жапон ғалымдарына Нобель сыйлығы табысталды / Reuters

Жапон ғалымдары Симон Сакагучи мен Сусуму Китагаваға медицина және химия салаларындағы үлкен ғылыми жаңалықтары үшін Стокгольмде Нобель сыйлықтары табысталды.

Швеция королі XVI Карл Густав сәрсенбі күні Стокгольм концерт залында өткен рәсімде Осака университетінің беделді профессоры, 74 жастағы Сакагучиге және Киото университетінің жетекші профессоры, 74 жастағы Китагаваға алтын медальдары мен дипломдарын тапсырды.

Жапонияның «Kyodo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соңғы он жыл ішінде жапондықтар алғаш рет бір жылда екі түрлі салада Нобель сыйлығымен марапатталып отыр.

Медицина саласындағы Нобель сыйлығын алған Сакагучи «Т» жасушаларының ағзаның сау жасушаларына шабуыл жасауын алдын алатын реттеуші «Т» жасушаларын (Treg) ашуымен танылған. Бұл жаңалық аутоиммунды аурулар, қатерлі ісік және өзге де медициналық мәселелерге қарсы жаңа емдеу тәсілдерін дамытуға жол ашты.

Химия саласындағы Нобельге ие болған Китагава метан мен азот сияқты газдарды сіңіріп, сақтап және қайта босата алатын кеуекті материалдар металл-органикалық қаңқаларды әзірлегені үшін марапатталды.

Әрбір Нобель сыйлығы 11 миллион швед кронына (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) тең қаржылай сыйақымен беріледі. Сакагучи мен Китагава өз салаларындағы екі зерттеушімен бірге осы марапатты бөлісті.

Осылайша Жапонияның бүгінге дейінгі Нобель лауреаттарының саны 31-ге жетті. Бұған өткен жылы атом бомбасы жарылысының құрбандары атынан ядролық қаруға қарсы күресі үшін Нобель бейбітшілік сыйлығын алған «Nihon Hidankyo» ұйымы да кіреді.

Іздеу
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр