САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Сирия бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дараа уәлаятының Уади әл-Ракад аймағына Израильдің тоғыз әскери көлігі кірген.
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді / AA Archive

Израиль күштері Сирияның егемендігін  бұзып, ел аумағында кезекті әскери операция жүргізді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жұма күні Израильдің тоғыз әскери көлігі Сирияның оңтүстігіндегі Дараа уәлаятының ауылдық аймағына кірген.

Сирияның «Әл-Ихбария» телеарнасының хабарлауынша, әскери көліктер Ракад аңғары аймағына кірген. Алайда олардың кейінгі қозғалысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді.

Дараа ауылдық аймағындағы Ярмук алабында орналасқан Ракад аңғары соңғы айларда Израиль күштерінің әскери әрекеттері жиі тіркелетін аумақтардың біріне айналды.

Бұл оқиға  ̶  2024 жылдың 8 желтоқсанында Башар Асад билігі құлағаннан кейін Сирияның оңтүстігінде қалыптасқан ауқымды жағдайдың бір бөлігі. Сол кезде Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімнің күшін жойып, Сириядағы буферлік аймақ пен басқа да аумақтарды бақылауына алған еді.

Дамаск билігі 1974 жылғы келісімді ұстанатынын бірнеше рет қайталап, Израильден басып алған аумақтардан шығуды және 2024 жылдың 8 желтоқсанға дейінгі позицияларына кері шегінуді талап етті.

 

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті