САЯСАТ
1 ... минут оқылды
«Жаһандық Сумуд» флоты белсенділері Крит аралына жетті
175 белсенді Израильдің шабуылынан кейін Грекияның Крит аралына жеткізілді.
«Жаһандық Сумуд» флоты белсенділері Крит аралына жетті
«Жаһандық Сумуд» флоты белсенділері Крит араларына жетті / Reuters

«AFP» тілшісінің хабарлауынша, Крит маңындағы халықаралық су айдынында Израиль күштері тоқтатқан көмек флотындағы ондаған белсенді жұма күні Грекия аралына жетті.

Грекияның жағалау күзеті ілесіп жүрген шамамен 175 белсенді төрт автобуспен бір елді мекенге жеткізілді. Билік өкілдері елді мекеннің атауын жарияламады.

Израиль Сыртқы істер министрлігі бұған дейін 20-дан астам кемеден шамамен 175 белсендінің ұсталғанын мәлімдеді. Ал флот ұйымдастырушылары белсенділердің санын 211 адам деп көрсетті.

ҚатыстыИзраиль халықаралық су айдынында белсенділерді заңсыз түрде ұстады - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар «X» желісіндегі жазбасында: «Грек үкіметімен бірлесе отырып, флот кемелерінен Израиль кемесіне ауыстырылған белсенділерді жақын арада Грекия жағалауына жеткіземіз», – деп мәлімдеп, Грекияға флот белсенділерін қабылдағандары үшін алғыс айтты.

Ұсталғандардың арасында азаматтары бар бірқатар Еуропа елі Израильді белсенділерді босатуға шақырып, бұл әрекетті халықаралық құқықтың ашық бұзылуы деп бағалады.

Алайда АҚШ Израиль билігін қолдап, флотты «шоу» деп атады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пиготт: «АҚШ барлық одақтасымыздан бұл мәнсіз саяси акцияға қарсы нақты қадам басып, флотқа қатысқан кемелердің портқа кіруіне, тоқтауына, шығуына және жанармай құюына рұқсат бермеуге шақырады», – деді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бастапқыда 50-ден астам кемеден құралған флоттың мақсаты Газа қоршауын бұзып, қазан айынан бері күшінде тұрған бітімге қарамастан қолжетімділігі айтарлықтай шектеулі Палестина аумағына гуманитарлық көмек жеткізу болатын.

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді