САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Сирияның жаңа басшысы Әл-Шарамен кездесті
АҚШ Президенті Трамп Сириядағы ДАИШ тұтқындарын ұстау орталықтарының жауапкершілігін қазіргі уақытта террористік ұйым PKK/YPG бақылауындағы орталықтарды басқару үшін Әл-Шараға тапсырды.
Трамп Сирияның жаңа басшысы Әл-Шарамен кездесті
/ AP

Риядқа жасаған ресми сапары барысында Трамп 25 жылдан кейін Сирия басшысымен кездескен алғашқы АҚШ президенті болды. Ол желтоқсан айында Башар Асадты биліктен құлатқан Ахмед әл-Шарамен кездесті.

Сирияның өтпелі үкіметінің басшысы Әл-Шара және Трамп Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен бірге Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның онлайн қатысуымен өткен кездесуде қол алысты. Ердоған -Дамаскідегі жаңа үкіметтің ең маңызды қолдаушыларының бірі ретінде танымал.

Түркия мен Сауд Арабиясы Сириямен татуласуды жақтағанымен, бұл қадам Трампты тағы да Израильмен қарама-қайшылыққа алып келді. Израиль Әл-Шараға қатысты пессимистік көзқарас білдіріп, бұрыннан жау ретінде көрген Сирияның әскери әлеуетін әлсірету үшін шабуылдарын күшейтті.

Ақ Үй Трамптың Сирия басшысынан Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін Абрахам келісімдеріне қосылуын сұрағанын мәлімдеді. Трамп сондай-ақ Әл-Шарадан палестиналық жауынгерлерді елден шығаруын және жаңа Сирия билігінің қолға түскен ДАИШ террористері үшін құрылған лагерьлердің бақылауын өз қолына алуын талап етті.

Күтілгеннен ұзаққа созылған жарты сағаттық кездесуден кейін Трамп Асад кезеңінде қолданылған санкциялардың Сирияға «шын мәнінде жойқын» әсер еткенін айтты.

«Бұл оңай болмайды, бірақ біз оларға жақсы және күшті мүмкіндік береміз және мұны істеу мен үшін үлкен құрмет», – деді Трамп Парсы шығанағы елдерінің басшыларымен өткен саммитте.

АҚШ Сириядағы азаматтық соғыс кезінде қаржылық операцияларға кең көлемде шектеулер енгізіп, Асад соғыс қылмыстары үшін жауапқа тартылмайынша, қайта құруға қатысатындарды санкциялармен жазалайтынын ашық мәлімдеген еді.

Трамп АҚШ-тың Сирияны 1979 жылдан бері терроризмді мемлекеттік деңгейде қолдаушы елдер тізімінде ұстау шешімін алып тастайтынына қатысты ешқандай белгі берген жоқ. Бұл шешім палестиналық жауынгерлерге көрсетілген қолдау себепті қабылданған болатын.

Катар, Мысыр және АҚШ Трамптың қызметке кірісуінен бір күн бұрын, 19 қаңтарда Газа секторында Израиль мен ХАМАС арасында бітімге қол жеткізді. Алайда Израиль бітімді бұзып, ХАМАС-ты «жою» үшін жаңа шабуыл бастайтынын жариялады. Израиль екі айдан астам уақыттан бері Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге кедергі жасап, аштық қаупін тудырып отыр.

 

Іздеу
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Иранға ескерту жасады
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран АҚШ-тың 18 ірі әскери нысанына қарымта соққы берді
Президент Ердоған: «Израиль шабуылдары Түркияға да қауіп төндіруде»
Энергетика және табиғи ресурстар министрі: «Ынтымақтастығымыз жаңа бағыттармен артуда»