ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ауғанстан мен Колумбия есірткіге қарсы күресте сәтсіз елдер тізімінде
Сондай-ақ тізімде Боливия, Мьянма және Венесуэла да бар.
Ауғанстан мен Колумбия есірткіге қарсы күресте сәтсіз елдер тізімінде
/ Reuters

АҚШ Президенті Дональд Трамп соңғы 12 ай ішінде халықаралық есірткіге қарсы келісім аясындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін Ауғанстан, Боливия, Мьянма, Колумбия және Венесуэланы тізімге енгізгенін мәлімдеді. Бұл шешім аталған елдерге бөлінетін қаржыға әсер етуі мүмкін.

Трамп дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Соңғы 12 ай ішінде Ауғанстан, Боливия, Мьянма, Колумбия және Венесуэла халықаралық есірткіге қарсы келісім аясындағы міндеттемелерін орындамады», – деді.

Ол мәлімдемесінде «Колумбияда Президент Густаво Петрo басшылығында кока егісі мен кoкаин өндірісі тарихтағы ең жоғарғы деңгейге жетті, ал есірткі саудасымен айналысатын лаңкестік топтармен мәмілеге келу әрекеттері дағдарысты одан әрі ушықтырды», - деді.  Алайда  Трамп Колумбияның қауіпсіздік қызметкерлерін «ерлігі мен біліктілігі» үшін мақтады.

АҚШ басшысы: «Өткен жылы Колумбияның есірткіні бақылау бойынша міндеттемелерін орындамауы толығымен оның саяси жетекшілерінің жауапкершілігінде. Егер Колумбия үкіметі кока өсімдігін жою, кoкаин өндірісі мен саудасын азайту үшін батыл қадам басса, мен бұл шешімді қайта қарастырамын», – деп атап өтті.

Бұған дейін Трамп Петрoның есірткімен күрес әрекеттерін «жеткіліксіз» деп бағалап, «сертификаттың күшін  жоямын» деп қауіп төндірген еді. Ал конгрессмендер әскери көмектен тыс қолдауды қысқартуды талап еткен болатын.

Петроның жауабы

Колумбия Президенті Густаво Петрo ондаған полиция, әскер мен қарапайым азамат контрабандаға қарсы күресте қаза тапқаннан кейін қабылданған бұл шешімді видеоүндеу арқылы айыптады.

Кабинет отырысында сөйлеген сөзінде ол: «Есірткі картельдері мен есірткі саудасынан пайда табатын солшыл партизандарға қарсы күресте ондаған полиция мен сарбаздың өліміне қарамастан Америка Құрама Штаттары бізді сертификатсыз қалдырып отыр», – деді.

Колумбияның АҚШ-тағы елшісі Даниэль Гарсиа-Пена өткен апта журналистерге берген сұхбатында «USAID» жабылғаннан кейін АҚШ-тан бөлінетін қаржының әлдеқашан қысқарғанын, ал егер Трамп Колумбияны сертификатсыз қалдыру туралы шешім қабылдаса, есірткі саудасымен тікелей байланысы жоқ шамамен 100 миллион долларлық бағдарламаның да тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

АҚШ Колумбияны ең соңғы рет 1997 жылы елдегі картельдер биліктің ең жоғарғы құрылымдарына енген кезде тізімге алынған болатын. 2000 жылдан бері бірнеше рет өзгерген АҚШ әкімшілігі Колумбияға миллиардтаған доллар көмек жіберді. Алайда кока өсімдігін глифосатпен дәрілеуді көздейтін бағдарлама тоқтатылғаннан кейін серіктестік он жыл бұрын әлсірей бастады.

АҚШ заңына сәйкес, президент жыл сайын соңғы 12 ай ішінде халықаралық есірткіге қарсы келісім бойынша міндеттемелерін орындамаған елдерді анықтап, жариялауға міндетті.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды