ТМҰ Бас хатшысы: “Сирияға қатысты бастамалар – түрік дипломатиясының өрлеуінің дәлелі”
ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Түркияның Сирияға қатысты түрлі бастамаларының түрік дипломатиясының өркендеп келе жатқанын көрсететінін айтты.
ТМҰ Бас хатшысы: “Сирияға қатысты бастамалар – түрік дипломатиясының өрлеуінің дәлелі”
/ AA

2025 жылғы Анталия дипломатия форумында Омуралиев: «Бұл бастамалар түрік дипломатиясының жыл өткен сайын қалай күшейіп келе жатқанының нақты бір мысалы. Түрік дипломатиясы осындай диалогтар, сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтар арқылы тек өңірлік емес, жаһандық деңгейде де елеулі табыстарға жетті», – деді.

Ол әлем бойынша қақтығыс аймақтарындағы жағдайға тоқталып, «Сирия мен басқа да көршілес елдердегі ахуалға, сондай-ақ Ресей–Украина сияқты дағдарыстарға қарасақ, бұл салаларда жүргізілген бастамалар мен атқарылған жұмыстар түрік дипломатиясының шын мәнінде қалай дамығанын дәлелдейді»,- деді.

Омуралиев былтырғы форум аясында арнайы бір панель сессиясының өткенін айтып, бұл алаңның ТМҰ-ның 2040 стратегиясы мен сыртқы байланыстарын нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

«Біз – теңдессіз ұйымбыз»

Түрік Мемлекеттері Ұйымының жобалық бағыттағы құрылым екенін атап өткен Омуралиев:
«Сыртқы саясат, экономика, сауда, туризм, энергетика, жастар саясаты, спорт, ғарыш саласы және басқа да 35-тен астам бағытта белсенді жұмыс істейміз. Бұл – бізді әрі жобалық, әрі бірегей ұйым етеді», – деді.

«Біз – ортақ тарих, дәстүр, мәдениет тіл және дінге негізделген ерекше ұйымбыз. Осындай іргетасқа сүйенетін басқа бір ұйым таба алмайсыз»,- деп жалғастырды ол.

Бастапқыда «Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі» (Түркі кеңесі) ретінде құрылған ұйымның негізі 2009 жылы 3 қазанда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия қол қойған Нахчыван келісімімен қаланды.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының басты мақсаты – түркі әлемін ортақ тарихи және мәдени құндылықтар арқылы саяси, экономикалық, білім, мәдениет, қорғаныс, қауіпсіздік, көлік, кеден, туризм және спорт секілді түрлі салада ынтымақтастық орнату арқылы біріктіру.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды