САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Ресей мен Пәкістан арасында жаңа келісім
Исламабад энергия шығындарын азайтуға тырысып, ал Мәскеу жаңа нарықтарды зерттеп, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді мақсат етіп отыр.
Ресей мен Пәкістан арасында жаңа келісім
Ресей мен Пәкістан арасында жаңа келісім / AP

Ресей мен Пәкістан мұнай саласында жаңа келісім жасау мәселесін талқылауда. Екі ел де өздерінің стратегиялық әрі экономикалық мүдделерін ескере отырып, энергетика саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруды көздейді.

Сейсенбі күні Ресейдің «RIA» ақпарат агенттігі таратқан хабарға сәйкес, Пәкістан Қаржы министрі Мұхаммед Аурангзеб екі елдің энергетика министрліктері арасында келіссөздер жалғасып жатқанын айтты.

Аурангзеб Пәкістанның Ресей тәжірибелі мұнай барлау, өндіру және өңдеу сияқты салаларда Мәскеумен тығыз ынтымақтастықта болуға дайын екенін мәлімдеді. Министр: «Ресей Бұл салаларда  ең мықты. Біз Ресеймен осы салаларда келісім жасасқымыз келеді», - деді.

Ресейдің энергия жеткізілімін әртараптандыруға ұмтылысы

Келіссөздер Ресейдің Украинадағы соғысқа байланысты енгізілген ауқымды санкциялардан кейін батыстан тыс нарыққа бет бұруын күшейткен кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Ал Пәкістан  төлем балансының қысымымен энергетикалық жеткізілімдерді әртараптандырып, импорт шығындарын азайтуға ұмтылуда.

Пәкістан 2023 жылы Ресейдің шикі мұнайын импорттай бастады. Бұл ˗ елдің энергиямен қамту стратегиясындағы маңызды өзгеріс және Мәскеумен тығыз экономикалық байланыс орнату үшін басылған қадам. Мұнай саудасынан бөлек ынтымақтастық инфрақұрылым, сондай-ақ мұнайды өңдеу және таратуға қатысты жобаларға дейін кеңеюі мүмкін. Ресейдің Энергетика министрі Сергей Цивилев қараша айында Ресейдің Пәкістандағы бір мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мәселесін талқылап жатқанын және бұл жобаға ресейлік компаниялардың қатысуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Аурангзеб сондай-ақ екі елдің Пәкістанда тағы бір болат зауытын салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтіп, энергетика саласынан тыс кеңірек өнеркәсіптік ынтымақтастыққа назар аударды.

Тарихи тұрғыда Ресей мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастар шектеулі деңгейде болғанымен, соңғы жылдары олар энергетика, сауда және өңірлік байланыстарда ынтымақтастықты кеңейтіп келеді.

 

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды