САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресейдің Украинадағы шабуылдарынан 31 адам жараланды
Ресей Қорғаныс министрлігі Қаратеңіздегі Қырым түбегі үстінде 121 украин ұшқышсыз ұшу аппаратын жойғанын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы шабуылдарынан 31 адам жараланды
/ AP

Билік өкілдерінің айтуынша, бейсенбі күні Киев пен Вашингтон маңызды минерал келісіміне қол қойғаннан кейін жұмаға қараған түні Ресейдің Украинаға жасаған шабуылдары 30-дан астам адамның жаралануына себеп болды.

Украина бұл келісім Вашингтонның қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынуына жол ашып, үш жылдан астам уақыт Ресей басқыншылығына қарсы күресіп келе жатқан елдің жағдайын нығайтады деп үміттенеді.

Запорожье облысының губернаторы Иван Федоров “Telegram” парақшасында:
«Түнгі шабуылдың салдарынан 29 адам жараланды», — деп хабарлап, дрон шабуылы кезінде қаза тапқандардың арасында 13 жастағы баланың да болғанын айтты.

Ол: «Ресейліктер қаланың азаматтық инфрақұрылымын нысанаға алды. Тұрғын үйлер, университет пен инфрақұрылым нысандары зақымданды», — деп жазды.

Шығыстағы Днепропетровск облысының губернаторы Сергей Лысак “Telegram”-да екі адамның дрон шабуылынан жараланғанын және екі жерде өрт шыққанын мәлімдеді.

Украинаның ұлттық теміржол компаниясы Запорожьедегі локомотив жөндеу зауыты түн ішінде «ауыр шабуылға ұшырап, бірнеше сағатқа созылған өртке себеп болды» деп хабарлады. Аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Ресей Қорғаныс министрлігі түн ішінде негізінен Қырым аумағында Украинаға тиесілі 121 дронның жойылғанын растады.

Бұл шабуыл Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен жасалған минерал келісімі екі тарапқа да «тең» пайда әкелетінін, бірақ Киевке нақты қауіпсіздік кепілдіктерін қамтымайтынын атап өткен соң жасалды.

Украина басшысы одақтастарына: «Ресейді үнсіздікке және келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеу үшін оған қысымды күшейтіңдер», — деп үндеу жолдады.