САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Кездесуде Голан жоталарының мәртебесін талқылауға әлі ерте екені айтылды.
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Сирия Сыртқы істер министрі Израиль делегациясымен Иорданияда кездесті

Сирия АҚШ-тың араағайындығымен Израильмен шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөз өткенін хабарлады.

Сирия Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің «SANA» агенттігіне мәлімдеуінше, Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани бастаған делегация Израиль өкілдерімен Иорданияда кездескен.

Келіссөз Израильдің соңғы әуе соққыларынан кейін Сирия аумағындағы шиеленісті азайту және Сирия мен аймақтағы тұрақтылықты қолдау мақсатында өткізілді.

Сирияның әскери барлау басшылары қатысқан кездесуде Израиль шабуылдарын, ұстап әкету әрекеттері мен нысанаға бағытталған операцияларды тоқтатудың нақты жолдары талқыланды.

Кездесуден кейінгі мәлімдемеде келіссөз үдерісін қайта жандандыру арқылы болашақта кең ауқымды келісімге негіз болатын қауіпсіздік келісіміне қол жеткізу көзделетіні айтылды.

Сондай-ақ Сирияның егемен мемлекет екені, ұлттық мүдделеріне сай өз армиясын қайта құруға, дамытуға, одақтастары мен серіктестерін өзі айқындауға толық құқығы бар екені атап өтілді. Дамаск бұл егемен құқықтарды шектейтін қандай да бір келісімге келіспейтінін мәлімдеді.

Кездесуде Сирия оккупацияланған Голан жоталарын өз аумағы деп санайтынын қайталап, Голанның түпкілікті мәртебесін талқылауға әлі ерте екенін жеткізді.  Ал қазіргі басты міндет  Израиль күштерінің 2024 жылдың 8 желтоқсанына дейінгі шепке шегінуі, 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімді қайта күшіне енгізу және оны толық орындау екені атап өтілді.

Іздеу
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
"Мен АҚШ президенті болмасам, Израиль жойылып кетер еді"
Иран: «Ормуз бұғазынан заңсыз өтпек болған супертанкер минаға соғылып, өртке оранды»
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс күшейді: MQ-9 дроны атып түсірілді
Си, Путин және Моди Бішкекте кездеседі: Еуразия көшбасшылары ШЫҰ саммиті үшін Қырғызстанда
Сирия президенті YPG-нің бұрынғы басшысы Абдиді президент кеңесшісі етіп тағайындады
Иран: «Теңіз блокадасы жалғасса, АҚШ экономикасын құлдыратамыз»