ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
НАТО Бас хатшысы: «Түркия Украина-Ресей бейбіт келіссөздерінде басты рөлде»
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Түркияның барлық тараптармен жақсы қарым-қатынаста екенін және маңызды арағайын ел ретінде көрінетінін айтты.
НАТО Бас хатшысы: «Түркия Украина-Ресей бейбіт келіссөздерінде басты рөлде»
/ AA

НАТО-ның бас хатшысы бейсенбі күні Түркияның Украина-Ресей бейбіт келіссөздеріндегі теңдесі жоқ дипломатиялық ықпалын жоғары бағалады және Одақ ішінде жалғасып жатқан келіспеушіліктерге қарсы бірлікке шақырды.

Бас хатшы Марк Рютте Анталиядағы НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысының екінші күнінде журналистерге берген сұқбатында «Түркия бұл жерде маңызды рөл атқарады, өйткені барлық тараптармен жақсы қарым-қатынаста және маңызды кездесу нүктесі», - деді.

«Осы келіссөздерден жақсы нәтиже алуға көмектесетін адамдар бар. Мәселен Президентіңіз, Сыртқы істер министріңіз», - деді ол.

Анталиядағы Сыртқы істер министрлері жиналысында Украина, қару-жарақ саласындағы ынтымақтастық және өнеркәсіп әлеуеті күн тәртібінде болады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бейсенбі күні президент Дональд Трамптың Ресей мен Украина арасындағы соғыста әділетті бейбітшілік орнататын кез келген талпынысқа ашық екенін айтты.

Түркиядағы Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі алдында сөйлеген сөзінде Рубио АҚШ-тың алдағы бірнеше күнде ілгерілеуді көргісі келетінін, қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенін мәлімдеді.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады