ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Түркия 2026 жылы дипломатиялық күш-жігерін жалғастырады»
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның алдағы жылы бейбітшілік, тұрақтылық және гуманитарлық жауапкершіліктерді басымдықта ұстауды жалғастыратынын айтты.
«Түркия 2026 жылы дипломатиялық күш-жігерін жалғастырады»
Хакан Фидан: «Түркия 2026 жылы бейбітшілік және дипломатиялық күш-жігерін жалғастырады» / Anadolu Agency

Жаңа жылға арналған құттықтауында Фидан Түркияның 2026 жылы бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу жолындағы күш-жігерге көшбасшылық етуді жалғастыратынын, көпжақты дипломатияны нығайтатынын және гуманитарлық міндеттерін орындайтынын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні «Nsosyal» және «X» платформасында жариялаған мәлімдемесінде ол Түркияның өткен жылы Газа мен Украинадан бастап Оңтүстік Кавказ бен Сомали түбегіне дейінгі кең аймақта сенімді актер, әрі араағайын ел ретінде ерекшеленгенін атап өтті.

Фидан Анкараның Президент Режеп Тайып Ердоғанның көшбасшылығымен ұлттық мүдделерді қорғауды және Түркияның әділ істерін қолдауды мақсат ететін көпқырлы, проактивті, теңгерімді әрі шынайы сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.

«Ұлттық мүддемізді қорғау, әділ істерімізді қолдау және Түркияның ықпалын айқын сезіндіру үшін тынымсыз еңбек еттік» деген Фидан: «2026 жылы да дәл осы табандылықпен бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу жолындағы күш-жігерге жетекшілік етіп, көпжақты дипломатияға үлес қосып, гуманитарлық жауапкершілігімізді орындауды жалғастырамыз», -  деп қосты.

Сондай-ақ министр ел ішіндегі және шетелдегі азаматтарды жаңа жылмен құттықтап, 2026 жылдың Түркияға, түрік халқына және бүкіл адамзатқа бейбітшілік пен ізгі ниет әкелуін тіледі.

Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр