ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Вьетнамда Буалой тайфуны салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты
Тайфун құрлыққа жетпей тұрып, үкімет 30 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Орталық аймақтардағы төрт әуежайдың жабылуына байланысты жүздеген рейс кешікті немесе тоқтатылды.
Вьетнамда Буалой тайфуны салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты
Вьетнамда Буалой тайфуны салдарынан кемінде 9 адам қаза тапты / AP
29 Қыркүйек 2025

Дүйсенбі күні Вьетнамда Буа­лой тайфуны салдарынан тоғыз адам қаза тауып, 17 адам жоғалып кеткен. Дауыл үйлерді қиратып, электр желілерін істен шығарды.Су тасқыны мен алып толқындарға себеп болды.

Ұлттық метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, Буа­лой тайфуны елдің солтүстік жағалауынан өтіп, дүйсенбі күні таңертең құрлыққа жетті.

Тханьхоа уәлаятының өкілі Нгуен Нгок Хунг тайфунға қарсы дайындықтан үйіне қайтып келе жатқанда үстіне ағаш құлап, көз жұмды. Хюэ қаласында бір адам су тасқынынан қайтыс болды. Данангта да бір адамның өлімі тіркелді.

Куангтри провинциясында қатты жел балықшы қайығының арқанын үзіп жіберіп, тоғыз экипаж мүшесі ағыспен кеткен. Төрт адам жағаға жүзіп шыққан. Гиалай уәлаятында сегіз балықшымен байланыс үзілгені хабарланды.

Ниньбинь уәлаятында қатты желдің салдарынан үйлер құлап, үйінді астында алты адам қаза тапты. Куангтри жағалауында екі балықшы қайығы жоғалып, 17 балықшы хабар-ошарсыз кеткен. Дауыл кезінде тағы бір қайықпен байланыс үзілген.

Нгеан  уәлаятының 45 жастағы тұрғыны Нгуен Туан Винь: «Көп дауылды бастан өткердім, бірақ бұл ең қуаттыларының бірі», – деді.

Жергілікті уақыт 11:00-де (GMT 04:00) тайфун Нгеан уәлачтынан Лаосқа қарай жылжып, құрлыққа жетті. Желдің жылдамдығы 74 км/сағ-қа дейін төмендегені хабарланды.

Буа­лой тайфунының салдарынан 245 үй қирап, шамамен 1.400 гектар күріш пен басқа да дақылдар су астында қалған. Кейбір аймақтарға жол қатынасы үзілген. Алайда ірі өнеркәсіп орындарында айтарлықтай зақым тіркелмеді. Тайфунның бағыты «Foxconn», «Luxshare», «Formosa Plastics» және «Vinfast» сияқты ірі зауыттардың жанынан өткен.

Дауыл алдында үкімет 30 мыңнан астам адамды эвакуацияды. Сондай-ақ орталықтағы төрт әуежайдың жабылуына байланысты жүздеген әуе рейсі тоқтатылған немесе кейінге қалдырылған.

«№10 дауыл» деп те аталатын Буа­лой дауылы Шығыс Қытай теңізінде ең жылдам қозғалған дауыл. Ол 26–28 қыркүйек аралығында 1000 шақырымнан астам аралықта әрекет етіп, елдің солтүстік және орталық өңірлеріне тікелей соққы берген.

Сенбі күнінен бері тайфун Вьетнамның көп бөлігінде қатты нөсер жауынға себеп болды. Билік өкілдері су тасқыны мен көшкін қаупі туралы ескерткен. Агенттіктің болжамынша, кей аймақтарда жексенбі түнінен сейсенбіге дейінгі аралықта жауын-шашын мөлшері 500 миллиметрге жетуі мүмкін.

Іздеу
Өзбекстан президенті педофилия қылмысына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын енгізді
Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Түрік әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық оқ-дәрілер жойылды»
Трамп АҚШ Әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазымен өтетін мұнай танкерлерін қорғауды тапсырды
Израиль Ливанға жасалған шабуыл кезінде «Хезболланың» жоғары лауазымды өкілі өлтірілгенін мәлімдеді
«Түркия мәселелерді «бейбітшілікке негізделген дипломатиямен» шешуге тырысуда»
Түркия Израильде ұсталған «CNN Türk» тілшілерінің дереу босатылуын талап етті
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
Индонезия мен Иран сыртқы істер министрлері сөйлесті
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»