Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды

Түркия Республикасының Қорғаныс министрлігі аймақтық шиеленістің ушығуына байланысты өз аумағына төнген кез келген қатерге батыл түрде жауап беретінін мәлімдеді.

By
Ираннан Түркияның әуе кеңістігіне атылған баллистикалық оқ-дәріні НАТО зарарсыздандырды / Reuters

Түркия жұма күні жасаған мәлімдемесінде Ираннан ұшырылып, Түркияның әуе кеңістігіне кірген баллистикалық оқ-дәрінің «Шығыс Жерорта теңізінде орналасқан НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері тарапынан зарарсыздандырылғанын» хабарлады. Бұл — соңғы бір аптадан астам уақыт ішінде болған үшінші оқиға.

Министрліктің ресми мәлімдемесінде «Еліміздің аумағына және әуе кеңістігіне бағытталған кез келген қатерге қарсы барлық қажетті шаралар батыл әрі еш мүдіріссіз қабылдануда, оқиғаны барлық қырынан анықтау үшін тиісті елмен келіссөздер жүргізілуде», — делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Ұлттық қауіпсіздігімізді басты орынға қоя отырып, аймақтағы барлық өзгерістер жіті қадағаланып, сарапталуда», — деген сөздер келтірілген.