ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Анкара шиеленісті ушықтырмау туралы ескерту жасап, әуе кеңістігін қорғау жүйесінің толықтай іске қосылғанын жариялады. Одақтастардың әуе қорғаныс жүйелері Газиантепке қарай бағытталған баллистикалық зымыранның көзін жойды.
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді / TRT World
 

Түрік ресми өкілдері НАТО-ның әуе қорғаныс жүйелері Ираннан ұшырылған және Түркияға қарай бағытталған баллистикалық зымыранды атып түсіргенін хабарлады. Бұл - соңғы бір апта ішінде Иран зымырандарының Түркия әуе кеңістігіне енуіне қатысты екінші оқиға.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда, зымыран Шығыс Жерорта теңізі үстінде анықталып, одақтастардың әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылды.

Зымыранның сынықтары Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп уәлаятының Шахинбей ауданына құлады. Ресми тұлғалар қаза тапқандар немесе жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.

Анкара шиеленістің ушығуына қарсы ескерту жасады

Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран зымыранның Түркия жеріне жақындаған сәтте НАТО қорғаныс элементтері тарапынан «уақытылы зарарсыздандырылғанын» айтты. Дуран үкіметтік мекемелер оқиғаны алғашқы сәттен бастап жіті қадағалап, қажетті қорғаныс пен қауіпсіздік шараларын іске қосқанын атап өтті.

Дуран «Осы орайда, Ұлттық қорғаныс министрлігі бастаған барлық тиісті бөлімшелеріміз толық үйлесімде әрекет етуде. Түркияның әуе кеңістігі мен шекара қауіпсіздігін қорғау мәселесінде мемлекетіміздің ерік-жігері мен әлеуеті ең жоғары деңгейде», — деді.

Сондай-ақ Дуран аймақтағы шиеленістің одан әрі ушықпауы үшін барлық тараптарды, әсіресе Иранды аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіретін және бейбіт тұрғындарды қауіпке итермелейтін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Бурханеттин Дуран «Аймақтағы шиеленістің ушықпауы және қақтығыстардың кең ауқымға жайылмауы үлкен маңызға ие», — деп қосты. Сонымен қатар ол азаматтар мен медиа өкілдерін тек ресми мәлімдемелерге сенуге және қоғамда үрей немесе дезинформация тудыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырды.

Бұл әрекет өткен аптада Түркия әуе кеңістігіне енген Иранның тағы бір баллистикалық зымыранынан кейін қайталанды. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы ушығып жатқан қақтығыстың НАТО аумағына шарпуы мүмкін екендігі туралы қауіпті күшейтті.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»