Скандинавия әуе жолдары (SAS) Израильге рейстерді қайта бастау жоспарынан бас тартқанын жариялады.
Дания, Норвегия және Швецияның ұлттық әуе компаниясы “SAS” 2016 жылы тоқтатылған Израильге рейстерді осы жылы қайта бастау жоспарына қатысты жазбаша баспасөз хабарламасын жариялады.
Мәлімдемеде: «Операциялық және коммерциялық факторларға қатысты соңғы сараптаманың нәтижесінде жоспарланған Копенгаген–Тель-Авив рейсін қазіргі уақытта бастау үшін жағдай қолайсыз деген қорытындыға келдік», — делінген.
“SAS-тың” оқиғаларды жіті бақылап отырғаны айтылған мәлімдемеде бағыттарға қатысты сараптама қайта жүргізілетіні атап өтілді.
Компания бұған дейін Тель-Авивке рейстерді 26 қазанда қайта бастайтыны туралы мәлімдеме жасаған еді.
“SAS” Израильге рейстерді 2016 жылы коммерциялық себептерге байланысты тоқтатқан болатын.
























