СПОРТ
1 ... минут оқылды
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында ұйымдастырушылардың турнир ережелеріне өзгеріс енгізуі жанкүйерлер арасында алаңдаушылық туғызды.
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді

«FIFA» стадиондардағы тәртіп ережелеріне соңғы сәтте өзгеріс енгізіп, 2026 жылғы әлем чемпионатына келетін жанкүйерлерге қайта пайдаланылатын су бөтелкелерін стадиондарға алып кіруге тыйым салды.

«FIFA» бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұған дейін рұқсат етілген бос, мөлдір пластик су бөтелкелері осы аптада күшіне енген жаңа ережелерге сәйкес енді тыйым салынған заттар қатарына енгізілгенін хабарлады.

Су бөтелкелерімен қатар стақандарға, банкаларға және өзге де ыдыстарға тыйым салынды. «FIFA» бұл шешім ойыншылардың, ресми тұлғалардың және көрермендердің алаңға лақтырылған заттардан жарақат алу қаупін азайту мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.

Федерация: «FIFA» барлық ойыншының, төрешінің, жанкүйердің, ерікті мен қызметкердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғайды», – деді. Сондай-ақ мұндай шектеулердің көптеген спорт нысанында қолданылып жүргенін жеткізді.

Турнир қарсаңында ауа райына қатысты алаңдаушылық күшейді

Бұл шешім турнир өтетін кейбір қалаларда ауа температурасы 26–28 градусқа дейін көтеріледі деген болжам аясында жанкүйерлер арасында ауызсуға қолжетімділік мәселесіне қатысты алаңдаушылық туғызды.

«FIFA» стадион маңында су тарату бекеттерін, ашық аспан астындағы салқындату жүйелерін, арнайы салқындату шатырларын және желдеткіштерді орнататынын мәлімдеді.

Сонымен қатар федерация стадиондарда сатылатын ауызсудың бағасы басқа іс-шаралар кезіндегі бағамен бірдей болатынын хабарлады.

АҚШ, Канада және Мексика бірлесіп өткізетін 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. Турнирге 48 құрама қатысып, жалпы саны 104 матч болады. Бұл – әлем чемпионаттары тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Іздеу
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды
Израиль Газада тұрғын үйлерге шабуылдады
Ресей шабуылынан Павлоградта 3 адам қаза тапты
“Wildberries” қоймасына жасалған дрон шабуылынан 3 адам жараланды
Түркия израильдік министрдің әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Түркия әуе рейстерін уақытында орындауда көш бастап тұр
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Волейбол: Түркия құрамасы жартылай финалға шықты