САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Үндістанның сауда мәселесі талқыланды
АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен сауда және Ресей мұнайы мәселелерін талқылады.
АҚШ пен Үндістанның сауда мәселесі талқыланды
Трамп Үндістан премьер-министрі Модимен сауда мәселелерін талқылағанын хабарлады. / AP

Екі ел басшысы сауда қатынастарын талқылаған әңгімесінде Трамп Үндістан премьер-министрінің Жаңа Делидің Ресейден мұнай сатып алуын шектеуге уәде бергенін мәлімдеді.

Сейсенбі күні Ақ Үйде журналистерге сөйлеген Трамп: “Көптеген тақырыпты талқыладық, бірақ негізінен сауда саласы туралы әңгіме болды,” - деді.

Ол сондай-ақ энергетика мәселесінің де талқыланғанын айтып, Модидің Үндістанның Ресейден мұнай импортына шектеу қоятынына сендіргенін жеткізді.
“Олар Ресейден тым көп мұнай сатып алмайды. Ол да бұл соғыстың мен сияқты тезірек аяқталуын қалайды,” -деді Трамп.

Қазіргі таңда Үндістан мен Қытай — Ресейдің теңіз арқылы экспорттайтын шикі мұнайының ең ірі екі сатып алушысы.

Трамптың қысымы

Соңғы уақытта Трамп Үндістанды Ресейден мұнай сатып алғаны үшін сынға алып, бұл импортына тосқауыл қою мақсатында АҚШ-қа жасалатын үнді экспортына кедендік тарифтер енгізді. Бұл қадам Трамптың Мәскеуді Украинада бейбіт келіссөз жүргізуге мәжбүрлеуге тырысып жатқан кезеңіне тұспа-тұс келді.

Бұған дейін ол Үндістан Ресейден мұнай алуды тоқтатпаса, үнді тауарларына “жоғары кедендік баж салығын” енгізу қаупін төндірген еді.

Вашингтонның пікірінше, Ресеймен жалғасып жатқан энергетикалық сауда Мәскеуді экономикалық оқшаулауға бағытталған халықаралық күш-жігерге нұқсан келтіреді және жанама түрде соғыс әрекеттерін қаржыландырады.

Украинадағы соғыс басталғалы бері Үндістан арзандатылған ресейлік шикі мұнайдың ең ірі сатып алушыларының бірі болды, бұл сауда елдің ішкі энергия шығындарын теңестіруге көмектесіп отыр.

Трамп әкімшілігі биылдың басында Үндістаннан әкелінетін тоқыма, фармацевтика және автокөлік бөлшектері сияқты өнімдерге 50%-ға дейін жететін кедендік салық енгізіп, екіжақты сауда қатынастарын одан әрі шиеленістірді.

Трамп Үндістан Ресейден мұнай импортын азайтпаса, бұл тарифтердің сақталатынын немесе одан әрі арттырылатынын ескертті.

Іздеу
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды
Ресей: “Киевпен ресми байланыс арнасымыз жоқ”
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады
АҚШ–Иран жобасы Ормуз бұғазын ашуды көздейді
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран АҚШ-тың әскери нысандарына қарымта шабуыл жасады
Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуы қажет екенін мәлімдеді