Трамп Оңтүстік Кореямен маңызды келісім жасалғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарының кедендік тарифтерді төмендетуіне байланысты Сеул 350 миллиард доллар төлейтінін айтты. Сондай-ақ ол Вашингтонның Оңтүстік Кореяға ядролық энергиямен жұмыс істейтін сүңгуір қайығын жасауға рұқсат

Трамп Оңтүстік Кореямен маңызды келісім жасалғанын мәлімдеді

Дональд Трамп АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ауқымды экономикалық және қорғаныс пакеті жөнінде келісімге келгенін хабарлады.

Трамп бейсенбі күні «Truth Social» платформасында жариялаған мәлімдемесінде «Оңтүстік Корея АҚШ тарифтерінің төмендетілуіне байланысты АҚШ-қа 350 миллиард доллар төлеуге келісті»,-деді.

Сондай-ақ ол Сеулдің АҚШ-тан ауқымды мөлшерде мұнай мен газ сатып алуға және оңтүстіккореялық компаниялар мен кәсіпкерлердің АҚШ-қа құятын инвестициясының 600 миллиард доллардан асатынын атап өтті.

АҚШ президенті «Әскери одағымыз бұрынғыдан да мықты. Осы негізде мен оларға ескі, баяу дизель сүңгуір қайықтардың орнына ядролық қуатпен жұмыс істейтін сүңгуір қайығын жасауға рұқсат бердім»,- деп қосты.

Сәрсенбі күні Трамп Оңтүстік Кореяда президент Ли Чжэ Менмен кездесіп, көптен күткен сауда келісімінің аяқталғанын айтқан, бірақ екі ел басшысының түпкілікті мәмілеге келгені туралы ақпарат берілмеген.