ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Киев маңына дронмен шабылдады
Киев облысының губернаторы шабуыл кезінде бір адам қаза тапқанын хабарлады.
Ресей Киев маңына дронмен шабылдады
Ресей Киев маңына дронмен шабылдады / AP

Ресей дронының шабуылы салдарынан Украина астанасының шетінде бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды. Бұл туралы облыс губернаторы хабарлады.

Киев облысының губернаторы Микола Калашнык тағы бір дрон шабуылы болғанын мәлімдеді. Ол құтқарушылардың көп қабатты бір тұрғын үйден азаматтарды эвакуациялап жатқанын білдірді. Өрт сөндіру жұмыстары да жалғасып жатыр.

Калашнык “Telegram-да” «Өкінішке қарай, Вышгородқа қарсы жасалған дұшпан шабуылының салдарынан бір адам қаза тапты және 11 адам жараланды. Олардың арасында бір бала бар», — деп жазды.

Жұма күні түнде болған Ресейдің дрон шабуылы мен зымыран соққысында үш адам қаза тапқан еді. Осы шабуылдан кейін Украина көлемінде жүз мыңдаған тұрғын электр жарығынан мақұрым қалды.

Бейбітшілік келіссөздері

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, сенбі күні украиналық келіссөз делегациясы атысты тоқтату жөнінде АҚШ жоспары бойынша талқылау жүргізу үшін Америка Құрама Штаттарына аттанды.

АҚШ-тың бастапқы ұсынысы Киевті шығыстағы Донецктен шегінуге мәжбүр етіп, Донецк, Қырым және Луганск аймақтарын Ресейге тиесілі деп тануды көздеді.

Киев және Еуропадан келген сындардан кейін АҚШ бастапқы жобаны жұмсартты, сондықтан жоспардың соңғы қалпы әлі нақты емес.

Зеленский дүйсенбі күні Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесу өткізу үшін Парижге бармақ.

Ал Кремль Ресей әлі де келіссөздерге ашық екенін білдірді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?