САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Гренландияны басып алу үшін әскери операция мүмкіндігін жоққа шығармады
Президент Трамп Дания мен Арктика аралының тұрғындарының қарсылығына қарамастан АҚШ-тың Гренландияға деген қызығушылығын қайта қозғап, қажет болған жағдайда күш қолданатынын айтты.
Трамп Гренландияны басып алу үшін әскери операция мүмкіндігін жоққа шығармады
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп «Қажет болса Данияға қарасты Гренландияны бақылауға алу үшін әскери күш қолданамыз», - деп мәлімдеді.

«Мен мұны жоққа шығармаймын. Мен мұны істеймін деп айтпаймын, бірақ ешқандай мүмкіндікті жоққа шығармаймын», - деді Трамп «NBC» арнасына берген сұқбатында.

«Бізге Гренландия шынымен керек», - деді. Трамп Данияға қарасты автономиялық аймақтың «халықаралық қауіпсіздік» үшін қажет екенін алға тартты. «Гренландияда адам саны аз. Біз оларға қамқорлық жасаймыз», - деп қосты ол.

Қаңтар айында қызметіне кіріскелі АҚШ президенті Трамп Данияның қарсылығына қарамастан Гренландияны сатып алғысы келетінін жиі айтуда.

Стратегиялық маңызы

Гренландия 18 ғасырдан бері Дания Корольдігінің бір бөлігі және 1979 жылы автономия мәртебесін алды. Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттарының арасындағы аралдың стратегиялық тұғыры мен жер асты ресурстарына байланысты маңызы зор.

Дания да, Гренландия да аралды сату туралы кез келген ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты. Қаңтарда жүргізілген сауалнама Гренландия тұрғындарының 85%-ы АҚШ-қа қосылуға қарсы екенін көрсетті.

Наурызда сайланған Гренландияның премьер-министрі Йенс-Фредерик Нильсен Еуропа елдеріне үндеу жасап, аралдың сатылмайтынын баса айтты.

«Бізбен бірге болыңыз және Гренландияның ешқашан сатылмайтынын түсіндіріңіз. Гренландияны гренландиялықтар басқарады және бұл ешқашан өзгермейді», - деді Нильсен Анадолы агенттігіне берген сұқбатында.

Іздеу
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті