Армения Әзербайжанға Минск тобын таратуды қамтитын бейбіт келісім ұсынды
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян «Егер біз Қарабақ мәселесіне қатысты мәселені жабатын болсақ, қазір жауып та жатырмыз, онда бұл мәселені шешуге бағытталған формат не үшін қажет?», - деді.
Армения Әзербайжанға Минск тобын таратуды қамтитын бейбіт келісім ұсынды
/ Reuters

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян сейсенбі күні Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміне қол қоюды және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Минск тобының таратылуы туралы құжатты бір уақытта бекітуді ұсынды.

«Біз Әзербайжанның ЕҚЫҰ Минск тобын тарату туралы күн тәртібін түсінеміз. Шынында егер біз Қарабақ мәселесіне қатысты мәселені жабатын болсақ, қазір жауып та жатырмыз, онда бұл мәселені шешуге бағытталған формат не үшін қажет?», – деді Пашинян Еревандағы Ұлттық Мәжіліс отырысында.

Бірақ Пашинян ЕҚЫҰ Минск тобының шын мәнінде кеңірек контекстке ие екенін және Ереван Әзербайжанның бұл қадамын «өз территориясындағы қақтығысты тоқтату және оны Армения аумағына ығыстыру» ретінде қабылдамайтынына көз жеткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Біз бейбітшілік келісімін бекітіп, ЕҚЫҰ Минск тобын бір уақытта тарату туралы ұсыныс жасаймыз. Яғни екі құжатқа бір күнде қол қоюды ұсынамыз», – деді ол. Әзербайжан Пашинянның бұл ұсынысына әзірге пікір білдірген жоқ.

Қарабақ соғысы

1992 жылы құрылған ЕҚЫҰ Минск тобы Франция, Ресей және АҚШ төрағалығымен Қарабақ қақтығысын шешуге жәрдемдесу мақсатында құрылды.

Кеңес Одағының бұрынғы екі республикасы арасындағы қарым-қатынас 1991 жылдан бері шиеленісті. Армян әскері халықаралық деңгейде Әзербайжанның бір бөлігі ретінде танылған Қарабақты және оған іргелес жеті аймақты басып алған болатын.

Әзербайжан 2020 жылдың күзінде 44 күндік соғыстан кейін бұл аймақтың көп бөлігін армян басқыншыларынан азат етті. Соғыс Ресейдің арағайындығымен жасалған бейбітшілік келісімімен аяқталып, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру және шекараларды белгілеу бойынша келіссөздерге жол ашты.

2023 жылдың қыркүйегінде аймақтағы сепаратистік күштер берілгеннен кейін Әзербайжан Қарабақта толық егемендігін орнатты.

Наурыз айында Баку мен Ереван бейбітшілік келісімі бойынша келісімге келгендерін мәлімдеді, бірақ содан бері екі ел бір-бірін шекаралық шабуыл жасады деп айыптауда.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты