САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Израильдіктердің 57 пайызы мерзімінен бұрын сайлауды қалайды
Сауалнама нәтижесі бұрынғы премьер-министр Нафтали Беннетт партиясының Кнессетте 24 орынға, ал Нетаньяху партиясы 22 орынға ие болатынын көрсетті.
Израильдіктердің 57 пайызы мерзімінен бұрын сайлауды қалайды
/ AP
5 Маусым 2025

Жаңа сауалнама израильдіктердің 57 пайызы мерзімінен бұрын сайлауды қолдайтынын және егер сайлау бүгін өтетін болса, бұрынғы премьер-министр Нафтали Беннетт басқаратын жаңа партия 24 орынға ие болып, Кнессеттегі ең үлкен партияға айналатынын көрсетті.

Израильдің жекеменшік «Channel 12» телеарнасы тарапынан жасалып, сәрсенбі күні кешке жарияланған сауалнама нәтижесіне қарағанда Беннеттің партиясы 120 орындық Кнессетте 24, ал премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың Ликуд партиясы 22, Яир Голанның Демократиялық партиясы 12 орынға ие болған.

Шас партиясы (Арье Дери басқаратын) және Авигдор Либерман басқаратын Израил Бейтейну партиясы 10 орынға, ал Яир Лапидтің Йеш Атиді 9 орынға, Ицхак Гольдкнопф басқаратын Біріккен Тора иудаизмі мен Итамар Бен Гвир басқаратын Отзма Йехудит партиясының әр бірі сегіз орынға ие болды.

Бенни Ганцтың Ұлттық бірлік партиясы жеті орынға ие болса, ал Хадаш-Таал мен Біріккен Араб тізімі әрқайсысы бес орынға ие болды.

Сайлау шегінен өте алмаған партиялар (жарамды дауыстардың 3,25 пайызы) арасында Діни сионизм (2,8 пайыз) мен Қаржы министрі Безалел Смотрих басқаратын Балад партиясы (1,2 пайыз) бар.

Араб партияларын есептемегенде оппозициялық партиялар 62 орынға ие болды, ал барлық оппозициялық топтарды қосқанда бұл сан 72-ге жетті. Сауалнама нәтижесі бойынша қазіргі үкімет коалициясы небәрі 48 орынға қысқарған.

Премьер-министрлікке үміткер Үкіметті жасақтау үшін кем дегенде 61 Кнессет депутатының қолдауына ие болуы керек.

Нетаньяху ма? Беннетт пе?

Аталмыш сауалнамада респонденттердің 57 пайызы мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдады, (оның ішінде оппозициялық сайлаушылардың 88 пайызы) ал 31 пайызы бұл пікірге қарсы болған. Коалицияны қолдаушылардың 60 пайызы қарсы шыққандар арасында.

Жаңа Үкіметке Ультра православиелік партияларды қосу мәселесінде респонденттердің 33 пайызы Хареди партияларын коалицияға қосуды қолдады, 55 пайызы қарсы болды, ал 12 пайызы қалыс қалды.

Сайлау басымдықтарына байланысты респонденттердің 43 пайызы 2023 жылдың 7 қазанында палестиналық Хамас тобының Израильге жасаған шабуылының сәтсіз аяқталуын ең маңызды мәселе деп санайды.

Қазіргі Израиль үкіметі 2022 жылдың соңында құрылды және мерзімінен бұрын сайлау өткізілмесе, 2026 жылдың соңына дейін қызметінде қалуы керек.

«Премьер-министрлікке ең лайықты үміткер кім?» деген сұраққа респонденттердің 39 пайызы Нетаньяхуды, 22 пайызы оппозиция жетекшісі Яир Лапидті көрсетті, ал 32 пайызы екеуін де лайықты деп санамайтынын көрсетті.

Тағы бір салыстыру бойынша Беннетт 39 пайыз, Нетаньяху 34 пайыз қолдау алды. Ал 20 пайызы екеуі де лайықты емес деп жауап берді.

Сәуір айының басында уақытша «Беннет 2026» деп аталатын жаңа саяси партияны ашқан Беннетт Нетаньяхуға қарсы мықты үміткер.

Сыбайлас жемқорлық ісі

Газада геноцид басталмай тұрып, Нетаньяхудың сыбайлас жемқорлыққа қатысты ісі қаралып жатқан болатын. Оған 2019 жылы пара алды, алаяқтық және сенімге қиянат жасады деген айыптар тағылды. Сот ісі 2020 жылы басталды.

Нетаньяху 2023 жылдың қаңтарында Жоғарғы Соттың өкілеттігін шектейтін сот реформасын ұсынды. Реформаны сынаушылар бұл Нетаньяхудың соттан жалтару әрекеті деп санады.

Ұсынылған реформа 2023 жылдың 7 қазанына дейін Израильде жаппай наразылықтарға себеп болды.

Газадағы геноцидтен бір жарым жыл өткен соң, кепілге алынғандардың отбасылары мен мыңдаған израильдік Нетаньяхуды соғысты ұзарту арқылы барлық атысты тоқтату келісімдеріне тосқауыл қойды, тұтқындардың қайтарылуына кедергі жасады деп айыптады.

Сонымен қатар Нетаньяхуға Газадағы соғыс қылмыстары үшін халықаралық қамауға алу ордері шықты.

Іздеу
Түркияның Тәуелсіздік маршы 105 жаста
Ресей Украинаны «террорлық шабуыл» жасады деп айыптады
Мұнай бағасы артты
Кремль: «Ресей, Украина, АҚШ арасындағы келесі келіссөз Стамбулда өтуі мүмкін»
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Еуроодақ Израильді заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Израильдің шабуылынан 16 адам  қаза тауып, 26 адам жараланды
"Украинадағы бейбітшілік келіссөздері Иран соғысына байланысты тоқтап қалмауы керек"
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда