ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ-тың азаматтық құқықтар қорғаушысы Джесси Джексон 84 жасында дүниеден озды
Мартин Лютер Кингпен (кіші) бірге иық тіресе жүріп, ондаған жыл бойы нәсілдік әділдікті қорғаған, АҚШ президенттігіне екі мәрте үміткер болған аңызға айналған азаматтық құқықтар жетекшісі Джесси Джексон 84 жасында өмірден өтті.
АҚШ-тың азаматтық құқықтар қорғаушысы Джесси Джексон 84 жасында дүниеден озды
Джесси Джексон 84 жасында дүниеден озды / AP

Американың ең ықпалды қара нәсілді белсенділерінің бірі,  пастор Джесси Джексон бақилық болды. Джексон 84 жаста еді.

Баптист уағызшысы болған Джексон 1960 жылдардан бастап, яғни Мартин Лютер Кингпен бірге шерулерге шығып, осы жолда қаржы жинауға көмектескен кезден бері азаматтық құқықтар қорғаушысы ретінде танылды.

Джексонның отбасы «Әкеміз тек отбасымыз үшін ғана емес, әлемдегі бүкіл езілгендер, даусы шықпайтындар мен еленбейтіндер үшін қызмет еткен көшбасшы болды», — деді. Сондай-ақ олар «Оның әділдікке, теңдікке және сүйіспеншілікке деген мызғымас сенімі миллиондаған адамды жігерлендірді. Біз  оның өмір бойы күрескен құндылықтарын жалғастыру арқылы оның есімін құрметтеуді өтінеміз», — деп қосты.

Мықты шешен және халықаралық дау-дамайларда табысты бітімгер болған баптист пастор алпыс жылдан астам уақыт бойы афроамерикалықтардың құқықтары үшін күресті. 2009 жылы Барак Обама билікке келгенге дейін Джексон 1980 жылдары Демократиялық партия атынан екі рет президенттікке үміткер болып, АҚШ президенттігі үшін жарысқан ең танымал қара нәсілді тұлға болды.

Іздеу
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
160-тан астам спортшы Ирландия-Израиль матчын бойкоттауға шақырды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы министрлері бас қосты
Ирактың Күрдістан аймақтық үкіметі "Пешмерга" күштерін  біріктіру туралы шешім қабылдады
Пәкістан Ішкі істер министрі Накви ресми сапармен Иранға барды
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды