ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Дохада өткен саммитте  Израильді айыптады
Президент Ердоған барлық ислам мемлекеттерін нысанаға алған Израильдің басқыншылығына қарсы заңды әрі нәтижелі шара қолдануға шақырды.
Президент Ердоған Дохада өткен саммитте  Израильді айыптады
/ User Upload

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа, Сирия, Ливан, Йемен және Иранға жасаған шабуылдарынан кейін Дохадағы келіссөз тобына жасаған шабуылын «қорқақтық» деп атап, халықаралық жүйе мен құқыққа айқын қарсылық екенін айтты.

Президент сейсенбі күні Дохада өткен Араб-Ислам төтенше саммитінен оралған соң журналистерге мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде «Бұл шабуыл Израильдің басқыншы әрі лаңкестік әрекетінің деңгейін тағы бір рет айқын көрсетті», – деді.

Президент Түркияның Катар мен Палестина халқын қолдайтынын атап өтіп, қаза тапқандарға рақым, жараланғандарға шипа тіледі.

Ол төтенше саммиттің Ислам әлемінің Израиль басқыншылығына қарсы ортақ қолдауы екені атап өтіп, көшбасшылар Тель-Авивпен қарым-қатынастарды қайта қарап, қосымша дипломатиялық және экономикалық шараларды талқылау жөнінде келісімге келгенін жеткізді.

Президент: «Қорытынды құжатта Израиль агрессиясы тек Палестинаны ғана емес, бүкіл мұсылман елдерін нысанаға алғаны атап өтілді», - деді. Сондай-ақ Израильдің әрекеттерін тоқтату үшін заңды шара қабылдауға шақырғанын айтты.

Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорк декларациясының 142 дауыспен қабылдануына қуанышты екенін жеткізіп, бұл жағдайды екі мемлекет негізіндегі шешімге қатысты дипломатиялық күш-жігердегі бетбұрыс деп сипаттады.

«Бұл Израильдің барған сайын оқшауланып бара жатқанын және Түркияның ұстанымын бүкіл әлем халықтарының көпшілігі қолдап отырғанын айқын көрсетеді», – деді.

«Жарамсыз сценарийлер»

Аймақтағы шиеленістерге тоқталған Ердоған «уәде етілген жерлер» деген желеумен шекараларды қайта қарауға байланысты «сценарийлерді» қабылдамайтынын айтты. Бұл пікірдің заң тұрғысынан негізсіз екенін және тек Израильдің «радикалды, фашистік идеологиясына» қызмет ететінінін атап өтті.

Сондай-ақ Ердоған Израиль билігінің радикалды идеологияны мұсылмандарға, христиандарға және еврейлерге қауіп төндіретін «фашистік қылмыстық топқа» айналдырғанын атап өтіп, Ислам әлемін біліммен, ынтымақпен және бірлікпен жауап беруге шақырды.

«Израильдің геноцидіне қарсы шыққан еврейлердің сөзін тыңдасаңыз, сионизмнің қаншалықты қауіпті идеология екенін анық көресіз. Егер сионист Израильді бір нәрсемен байланыстыру қажет болса, ол терроризм мен фашизм», – деді.

Ол сондай-ақ Анкараның Палестинаға қолдау көрсететін қайталап, Түркияның түпкі мақсаты аймаққа бейбітшілік, әділдік орнықтыру екенін ерекше атап өтті.

Іздеу
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Түрік әуе жолдары өз тарихындағы ең ұзақ тікелей рейсті орындады
Сыртқы істер министрі Фидан Триполиде
Түркия Колумбияның басып алынған Голан жоталарына қатысты ұстанымын айыптады
Махмуд Аббас Түркияға келеді
Зорлу: «Мекке ортақ қорғаныс келісімі арқылы Оңтүстік дәліздің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді»
Министр Фидан ресми сапармен Ливияға барады
Президент Ердоған Аустрия канцлері Штокермен Анкарада кездесті
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түркия Колумбияға көңіл айтты
Түркияда терроризмді тоқтатуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте талқылана бастады
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды