ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Зерттеулер жаһандық климат дағдарысына,жойылу қаупі бар экожүйелер және адам әрекетінен туындайтын экологиялық қысымдарға бағытталды.
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Зерттеулер жаһандық климат дағдарысына,жойылу қаупі бар экожүйелер және адам қызметінен туындайтын экологиялық қысымдарға бағытталды. / AA

Түркияның алтыншы Ұлттық Арктикалық ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысқан халықаралық зерттеушілер климат дағдарысының полярлық экожүйелерге әсерінен бастап, Арктикадағы құс түрлерінің таралуы мен микропластик ластануына дейін түрлі бағытта зерттеу жүргізді.

TASE-VI” деп аталатын экспедиция океанография, биология, химия, атмосфера динамикасы, метеорология, геодезия және спутниктік жүйелер салаларында 12 ғалымның 12 жоба мен зерттеуді жүзеге асыруымен аяқталды.

Экспедиция Түркия президентінің бастамасымен ұйымдастырылып, Өнеркәсіп және технология министрлігі тарапынан үйлестірілді және TÜBİTAK Полярлық зерттеулер институты (TÜBİTAK KARE) тарапынан басқарылды.

Зерттеу кемесімен солтүстік ендіктің 82 градусына дейін жеткен топ Түркияның Ұлттық полярлық ғылым стратегиясы аясында ұлттық және халықаралық маңызы бар ғылыми мәселелерді зерттеді.

Зерттеулер жаһандық климат дағдарысына,жойылу қаупі бар экожүйелер және адам әрекетінен туындайтын экологиялық қысымдарға бағытталды.

Аргентина, Болгария және Уругвайдан келген үш халықаралық зерттеуші климат дағдарысының полярлық экожүйелерге әсерін, Арктикадағы құс түрлерінің географиялық таралуын және атмосферадағы микропластик ластануын зерттеу үшін экспедицияға қатысты.

Мұздықтардың шегінуінің экожүйелерге әсері

Уругвай Антарктика институтының өкілі, биолог әрі жер туралы ғылымдар бойынша магистратура студенті Паула Арбиза мұздықтардың ықпалындағы Арктикалық фьорд экожүйелерін зерттеді.

Арбиза зерттеушілер экспедиция барысында жинаған деректерді Антарктикадағы зерттеулерінің нәтижелерімен салыстыратынын хабарлады.

Зерттеудің мақсаты — климат дағдарысынан туындаған мұздықтардың шегінуі айналадағы экожүйелердің жағдайына қалай әсер ететінін анықтау.

Зерттеушілер экожүйе саулығының биологиялық көрсеткіштері ретінде ұсақ организмдерді зерттеп, шөгінділерден үлгілер жинады. Сонымен қатар аймақтағы қоршаған орта көрсеткіштерін талдады.

Арктика мен Антарктика арасындағы салыстырулар ғалымдарға екі жартышардағы полярлық экожүйелердің температураның көтерілуі мен мұздықтардың кішіреюіне қалай жауап беретінін түсінуге көмектеседі деп болжануда.

Арктикадағы құс популяциялары бақыланды

Болгария Ғылым академиясының өкілі Боян Мичев Арктикадағы құс қауымдастығының құрылымын және тек осы аймақта кездесетін түрлердің географиялық таралуын зерттеді.

Мичев экспедиция барысында ашық теңіз үстінде құстардың шамамен 30–40 түрін бақылауға болатынын айтты.

Құстар құрлықта ұя салғанымен, олардың көбі қоректену үшін теңізге ұшады. Соның арқасында зерттеушілер экспедиция бағыты бойында құс түрлерінің кездесуі мен таралуын тіркей алды.

Бұл бақылаулар қоршаған ортадағы өзгерістердің Арктикадағы құс популяцияларының мекендеу ортасына, қоректену аймақтарына және қозғалысына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Полярлық атмосферадан жиналған микропластиктер

Аргентина Антарктика институтының өкілі Артуро Хубер полярлық аймақ үстіндегі атмосфераның микропластиктермен ластануын зерттеді.

Хубер экспедиция кезінде қолданылған жүйе ауадағы бөлшектерді сүзгілерге жинағанын, ал алынған үлгілер Арктика атмосферасындағы микропластиктердің концентрациясын анықтау үшін зертханаларда жіберілетінін айтты.

Дәл осы әдіс бұған дейін Антарктикада да қолданылған. Бұл зерттеушілерге екі полярлық аймақтағы микропластик ластануын салыстыруға мүмкіндік береді.

Микропластиктер атмосфералық және мұхиттық айналым арқылы алыс қашықтықтарға тасымалдануы мүмкін. Соның салдарынан полюстерден шалғай орналасқан аймақтардан шыққан бөлшектер Арктика мен Антарктиканың алыс әрі оқшауланған ортасына дейін жетуі ықтимал.

Салыстырмалы зерттеу полярлық аймақтардағы микропластик ластануының ауқымын, шығу көздері мен таралу ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
Вьетнам 2030 жылға дейін 10 мың жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етеді
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Тарихта алғаш рет: Жасанды интеллект бақылаудан шығып, кибершабуыл ұйымдастырды
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Түркиядағы интернет қозғалысының 40 пайыздан астамын "YouTube" құрайды
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия өз навигация жүйесін құруда
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
«ASELSAN» жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойды
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінен туындайтын залалдың құнын кім төлейді?