ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған мен НАТО Бас хатшысы Рютте телефон арқылы сөйлесті
АҚШ Президенті Трамп пен Ресей Президенті Путиннің алдағы кездесуі және Украина мәселесі талқыланды.
Президент Ердоған мен НАТО Бас хатшысы Рютте телефон арқылы сөйлесті
/ AA

Түркия Президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен оның өтініші бойынша телефон арқылы сөйлескен. Кездесуде тараптар Ресей–Украина соғысындағы соңғы жағдайды, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

Түркия Президенті Ресей мен Украина арасындағы тұрақты бітімге қол жеткізу мақсатында Стамбулда жүргізілген келіссөздерде ілгерілеу болғанын айтып, бұл процестің оң гуманитарлық әсер беруінің маңызды екенін атап өтті.

Рютте АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путин арасында өтетін Аляска саммиті алдында Украинадағы жағдайға қатысты өз пікірін айтты. Ердоған Түркияның бұл кездесуді мұқият қадағалап отырғанын жеткізді.

Трамп пен Путин жұма күні Аляскада жергілікті уақытпен 11:30-да (GMT 19:30) кездеседі. Бұл шамамен үш жарым жылдан бері жалғасып келе жатқан Мәскеу–Киев соғысы басталғалы бері қызметтегі АҚШ және Ресей президенттерінің алғашқы кездесуі болмақ.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті