ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Шілде айының соңындағы мәлімет бойынша Түркияның электр станцияларының жиынтық қуаты 126 мың 476 мегаватқа дейін артты.
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті

Түркия Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, шілде айының соңында жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты 79 мың 433 мегаватқа жетіп, елдегі жиынтық қуаттың 62,8 пайызын құрады. Ал жалпы қуат көлеміндегі отандық энергия көзінің үлесі 71,9 пайыз болды. Осылайша, Түркияның электр станцияларының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті.

Күн мен жел энергиясының үлесі 33,8 пайыз болды

Осы кезеңде күн энергетикасының қуаты 27 мың 507 мегаватқа дейін артып, елдің жалпы электр энергетикалық қуатындағы үлесі 21,7 пайызды құрады. Жел энергетикасының қуаты 15 мың 358 мегаватты құрап, оның үлесі 12,1 пайыз болды. Осылайша, күн мен жел энергетикасының жиынтық қуаты 42 мың 865 мегаватқа жетті. Бұл екі энергия көзінің жалпы қуаттағы үлесі 33,8 пайызды құрады.

Электр энергетикасында ең жоғары үлес 25,6 пайызбен су электр станцияларына (СЭС) тиесілі. Осы кезеңде СЭС-тердің жалпы қуаты 32 мың 344 мегаватқа жетті. Табиғи газ электр станцияларының қуаты 25 мың 13 мегаватты құрап, жалпы көлемнің 19,9 пайызына тең болды. Отандық көмірге негізделген электр станцияларының қуаты 11 мың 565 мегават, үлесі 9,1 пайыз болса, импорттық көмірмен жұмыс істейтін станциялардың қуаты 10 мың 466 мегават, үлесі 8,3 пайыз болды.

Биомассаның үлесі 2 мың 425 мегават қуатпен 1,9 пайызды, ал геотермалдық энергия көздерінің үлесі 1798 мегават қуатпен 1,4 пайызды құрады.

«Энергетикалық әлеуетімізді арттыруды жалғастырамыз»

Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:

«Түркия ғасырының энергетикасын бәріміз бірге қалыптастырып келеміз. Шілде айындағы мәлімет бойынша, еліміздің электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті. Оның 62,8 пайызы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі. Күн мен жел энергетикасындағы жалпы қуаттың 42 мың 865 мегаватқа жетуі Түркияның энергетикалық трансформацияға деген нық ұстанымын көрсетеді. Қуатты, тәуелсіз әрі әл-ауқаты жоғары Түркия құру үшін энергетикалық әлеуетімізді одан әрі арттыра береміз. Мақсатымыз айқын: энергетикада толық тәуелсіз Түркия».

 

Іздеу
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Президент Ердоған Қырғызстанда
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты
Түрік Қарулы Күштері мен Сирия армиясы Евфрат өзеніне қалқымалы көпір салды
Президент Ердоған Шанхай саммитіне қатысады