Палестина Білім министрлігі Израильдің соңғы 24 сағат ішінде Газа секторында үш оқушының өмірін қиғанын мәлімдеп, балаларды қорғау үшін халықаралық қауымдастықты шұғыл әрекет етуге шақырды.
Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде Газа секторындағы оқушылардың өміріне төнген қауіп-қатердің күшейіп бара жатқаны айтылды.
Осыған байланысты министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорын (ЮНИСЕФ) және халықаралық құқық қорғау ұйымдарын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың мектептер мен білім беру орындарына қауіпсіз қатынауына жағдай жасауға және құқық бұзушылықтарды құжаттауға шақырды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаза тапқан палестиналық балалардың екеуі Израиль күштерінің оғынан мерт болған. Ал үшінші оқушы мектептен үйіне қайтып келе жатқанда әуе шабуылына ұшыраған.























