ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Иранның елордасы Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деп жазылған баннер пайда болды.
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді

Тегеранда АҚШ президенті Дональд Трамп бейнеленген, «Трампты өлтіреміз» деп жазылған бір плакат ілінді.

Иранның елордасы Тегеранда АҚШ президенті Дональд Трамп тор артында бейнеленген және үстіне «Трампты өлтіреміз» деп жазылған баннер пайда болды.

Тегеранның басты орталықтарының бірі Революция алаңына ілінген бұл дәу плакатта АҚШ президенті Дональд Трамп темір тордың артында бейнеленіп, ағылшын және парсы тілдерінде «Трампты өлтіреміз» деген хабарлама жазылған.

Алаңның басқа бір бұрышында Трамп, АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс және Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың әлсіреген, әрі киімдері жыртылған күйдегі суреттері көрмеге қойылды. Суретте сонымен қатар өртенген, әрі жыртылған АҚШ пен Израиль жалаулары да бейнеленген.

Алаңға жиналған 500-ге жуық адам шағын шеру өткізді. Иран мен «Хезболла» туларын ұстаған шерушілер АҚШ пен Израильге қарсы ұран тастады. Кейбір наразылық білдірушілер Трамптың суреті бар плакаттарды аяқтарының астына алып таптады.

Шеруге қатысқан кейбір адамдардың кепен киіп шыққаны байқалды.

Іздеу
Президент Ердоған Сеулге барды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды
Карни Трамппен сөйлесті
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті ТМҰ саммитінде сөз сөйледі
Президент Ердоған: “ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болатынына сенемін”
“Binance” платформасы ауқымды кибершабуылға ұшырады
Түркі әлемінің бірлігі Анкарадағы саммитте жаңа серпін алды
Түркия түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған Республика күнімен құттықтады
Президент Ердоған АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді