ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Украинаны айыптады
Румыния жойғыш ұшақтарының төмен ұшқан ұшқышсыз әуе аппаратын тоқтату әрекетінен кейін Мәскеу кінәсін мойындамады, ал Украина мұны Ресейдің НАТО аумағында кезекті шиеленіс тудыру әрекеті деп атады.
Ресей Украинаны айыптады
/ AP
15 Қыркүйек 2025

Ресейдің Румыниядағы елшілігі елші оқиғаға байланысты Бухарестегі Сыртқы істер министрлігіне шақыртылғаннан кейін Румыния әуе кеңістігіндегі ұшқышсыз ұшақ шабуылын «Украинаның арандатуы» деп атады.

Елші Владимир Липаев Румынияның айыптауын «негізсіз» деп атап өтті. Елшіліктің мәлімдемесінде: «Барлық дерек мұның Киев режимі ұйымдастырған әдейі арандату екенін көрсетіп отыр» делінген.

Ресейдің Украина шекарасына жақын инфрақұрылымға жасаған шабуылы кезінде бір ұшқышсыз әуе аппараты Румыния әуе кеңістігін бұзған соң Румыния жойғыш ұшақтарын әуеге көтерді. Қорғаныс министрі Иоанут Мостяну «F-16» ұшқыштарының төмен ұшқан ұшқышсыз әуе аппаратын атып түсіруге аз қалғанын, бірақ аппараттың әуе кеңістігінен шығып, Украинаға қарай  бет алғанын айтты.

Польша НАТО одақтастарының қолдауымен өз әуе кеңістігіндегі орыстың ұшқышсыз әуе аппараттарын атып түсіргеннен кейін үш күн өткен соң Польша да қорғаныс мақсатында шекара маңына ұшақ жіберіп, шығыстағы Люблин қаласының әуежайын жапты.

Еуропалық Одақ пен НАТО-ға мүше, әрі Украинамен 650 шақырым көлеміндегі шекараны бөлісетін Румыния соғыс бастағалы бері өз аумағына бірнеше рет Ресейдің ұшқышсыз әуе аппараттары бөлшектерінің құлағанын хабарлаған. Сенбі күні қауіптің алдын алу үшін Румыния екі «F-16» мен екі «Eurofighter» жойғыш ұшағын әуеге көтерді. Қорғаныс министрлігі Дунай өзені мен Украина шекарасына жақын Тулча облысының тұрғындарына бомбадан қорғану туралы ескерту жасады.

Министрлік жойғыш ұшақтардың ұлттық әуе кеңістігінде бір ұшқышсыз ұшақты анықтап, оны Чилия-Вече ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде радардан жоғалғанға дейін бақылағанын хабарлады.

Украина Президенті Владимир Зеленский «X» әлеуметтік платформасындағы мәлімдемесінде дронның Румыния шекарасына шамамен 10 шақырым кіріп, НАТО әуе кеңістігінде 50 минуттай әрекет еткенін атап өтті.  Ол: «Бұл – Ресейдің соғысты ашық түрде кеңейтуі. Олар дәл осылай әрекет етуде. Ресейге қарсы санкция қажет. Ресей саудасына қарсы кедендік тарифтер қажет. Ұжымдық қорғаныс қажет», – деді.

НАТО Польша әуе кеңістігін бұзған ұшқышсыз әуе аппараттарын атып түсіргеннен кейін жұма күні Еуропаның шығыс қапталындағы қорғанысты күшейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Польша ұшқышсыз әуе аппараттарын атып түсіру арқылы соғыс басталғалы Батыс одағының мүшесі жасаған алғашқы қарулы әрекетке барды.

Іздеу
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
«Қытай, Ресей, Түркия және Пәкістан Таяу Шығыста бейбітшілік үшін күш біріктіре алады»
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Тегеранда тұрмыс қиындап барады
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
МАГАТЭ: “АҚШ пен Израильдің Иран атом электр станциясы маңындағы шабуылдары «тоқтатылуы тиіс”
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Украина шабуылынан кейін Луганскте ондаған кенші үйінді астында қалды
Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
Газадағы христиандар Израильдің бітімді бұзғанына қарамастан Пасха мерекесін тойлауда
Газада бітім күшіне енгеннен бері 716 палестиналық қаза тапқан
АҚШ Иранда құлаған "F-15" ұшағының екінші ұшқышын құтқарды
Ұлыбритания  Кувейтке әуе қорғаныс жүйесін орналастырды