САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Украина мен ЕО Трамптың Ресейге қарсы енгізген соңғы санкцияларын құптады
АҚШ-тың жаңа санкциялары Мәскеудің Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған бейбіт үдерісіне «шын ниеттілік танытпағаны» үшін Ресейдің ең ірі екі мұнай компаниясын нысанаға алды.
Украина мен ЕО Трамптың Ресейге қарсы енгізген соңғы санкцияларын құптады
АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы 22 қазанда Вашингтондағы Ақ үйде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен өткен кездесуде сөз сөйледі. / Reuters

Украинаның АҚШ-тағы елшісі сәрсенбі күні мәлімдеме жасап, Мәскеуге қарсы тек күш көрсету тәсілінің тиімді болатынын айтып, президент Дональд Трамптың Ресейге қарсы көптен күткен санкцияларын оң бағалады.
Елші Ольга Стефанишина: «Бұл шешім Украина ұстанып келе жатқан қағидатқа — бейбітшілік тек күш арқылы және агрессорға қарсы барлық халықаралық құралдарды пайдаланып барынша қысым жасау арқылы орнайды деген ұстанымға толық сай келеді»,- деді.

Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен де сәрсенбі күні АҚШ Қаржы министрлігінің ірі ресейлік мұнай компанияларына санкция салу туралы шешімін құптады.
Фон дер Ляйен “X” платформасында: «Бүгін кешке @SecScottBessent-пен өткен әңгімемізді және Ресейдің бейбітшілік процесіне адалдық танытпағанына жауап ретінде АҚШ Қаржы министрлігінің ірі ресейлік мұнай компанияларына санкция енгізу шешімін жоғары бағалаймын», - деп жазды.

Ол сондай-ақ АҚШ санкциялары мен ЕО-ның Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакеті қабылданғаннан кейінгі ортақ ұстанымын «Бұл — Атлант мұхитының екі жағындағы елдердің де агрессорға қарсы бірлескен қысымды жалғастыратынының айқын белгісі» деп сипаттады.

АҚШ сәрсенбі күні Мәскеудің Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған бейбіт үдеріске «шын ниеттілік танытпағанын» айтып, Ресейдің ең ірі екі мұнай алыбы — «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына жаңа санкция енгізді.

Қаржы министрлігі бұл шаралардың Ресейдің энергетика секторын нысанаға алып, «Кремльдің соғыс машинасына табыс әкелу мүмкіндігін әлсірету» және «әлсіреген экономикасын қолдауды шектеу» мақсатында қабылданғанын хабарлады.

Сонымен қатар НАТО Бас хатшысы Марк Рютте сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путинді «үздіксіз қысым арқылы» атысты тоқтату келіссөзіне келтіруге болатынын айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ Үйде өткізген баспасөз мәслихатынан кейін журналистерге сөйлеген Рютте: «Біз үздіксіз қысым көрсету арқылы Путинді келіссөз үстеліне отырғызып, атысты тоқтатуға көндіре алатынымызға толық сенемін, одан кейін өзге келіссөздер де басталады» - деді.

Рютте Трамппен Ресей–Украина соғысын тоқтату, НАТО-ның қандай үлес қоса алатыны және Путинді атысты тоқтатуға көндіру үшін қандай шаралар қажет болатыны туралы пікір алмасқанын айтты.
Ол АҚШ президентін «күшті ұстанымы мен айқын көзқарасы бар, Путинмен келіссөз жүргізіп, оның есеп-қисабын өзгерте алатын және оған маневр жасауға аз да болса мүмкіндік бере алатын жалғыз тұлға» ретінде сипаттады.

Сондай-ақ Рютте АҚШ-тың Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдіктері жүйесіне қайта қосылуының маңызын атап өтіп, АҚШ, Канада, Жапония, Аустралия және Еуропаның тиісті елдерімен қауіпсіздік міндеттемелері аясындағы тығыз ынтымақтастыққа назар аударды.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады