МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Мәуліт түні атап өтіледі
Соңғы пайғамбар Мұхаммед пайғамбардың туған күні болып табылатын Мәуліт атап өтіледі.
Мәуліт түні атап өтіледі
Мәуліт түні атап өтіледі

Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуіне байланысты хижри күнтізбесі бойынша раби әл-әууәл айының 12-сі күні атап өтілетін Мәуліт түні ислам қоғамында ғасырлар бойы тойланып келеді.

Сөздікте «туған жері мен уақыты» деген мағынаны білдіретін мәуліт ислам мәдениетінде әсіресе Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуін, осы аяда өткізілетін шаралар мен жазылған шығармаларды сипаттау үшін қолданылады.

Әзірет Мұхаммедтің туғанына 1501 жыл толуы биыл «Пайғамбарымыз және көркем мінез» тақырыбымен атап өтіледі.

Түркия Дін істері басқармасы биыл да «Мәуліт ән-Наби апталығы» аясында ел ішінде және шетелде көптеген іс-шара өткізеді.

«Мәуліт түні — Мұхаммед пайғамбар ұстанымдарының қайта жаңғыруы»

Дін істері жоғары кеңесінің маманы Хүсейн Ары Әзірет Мұхаммедтің туған күні ислам қоғамдарында ғасырлар бойы сағынышпен, алғыспен әрі зор қуанышпен тойланып келе жатқанын айтты.

Түркияда өткізілетін мерекелік шараларда Сүлеймен Челебидің мәуліт қасидасы оқылып, уағыздар мен сұхбаттарда көркем мінез-құлық баяндалып, жүректердегі Пайғамбар сүйіспеншілігі жаңғыратынын білдірген Ары сөзін былайша жалғастырды:

«Мәуліт түні мен Мәуліт ән-Наби апталығы — бұл жай ғана тарихи туған күнге тағзым ету емес, Мұхаммед пайғамбар алып келген әділдік, мейірімділік пен ахлақ ұстанымдарын қайта жаңғырту. Әділдік сезімі әлсіреп, мейірімнің орнын уақыт өте келе ашу мен зомбылық басып, өзімшілдік пен пайдакүнемдік адамдар арасындағы қарым-қатынасты торлаған мына әлемде пайғамбарлық ахлаққа әдеттегіден де көп мұқтаждық бар».

Мәуліт ән-Наби апталығы Пайғамбардың өз үмбетіне бірауыздылық пен бауырластық туралы айтқан аманатын қайта еске түсіруге септігін тигізетінін жеткізген Ары: «Бастысы Газада және әлемнің түрлі аймақтарында зұлымдық көріп жатқан адамдардың құтылуы тек мұсылмандардың Пайғамбардың көркем мінез-құлығы төңірегінде бірігіп, бірге болуымен ғана мүмкін», — деді.

«Алла елшісінің көркем мінезін бойға сіңіру — мұсылмандар үшін бұлтартпас жауапкершілік»

Дін істері басқармасының Мәуліт ән-Наби апталығы үшін белгілеген «Пайғамбарымыз және көркем мінез» тақырыбы заман талабы тұрғысынан өте маңызды екенін баса айтқан Ары мынаны атап өтті:

«Алла елшісінің көркем мінезін бойға сіңіру және иманның, ғибадат пен ахлақтың ажырамас байланысын қайта орнату — мұсылмандар үшін бұлтартпас жауапкершілік. Бүгінгі адамзаттың рухани дерттерінің бірден-бір дауасы — Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем мінезін өнеге ету».

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді