ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Түрік Әскери-теңіз күштеріне қарасты құтқару және резервтік кеме "TCG Işın" іздеу жұмыстарына қатысуда.
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Гирне қаласы жағалауында жексенбі күні жолаушылар кемесінің аударылуы салдарынан хабар-ошарсыз кеткен 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Гирне жағалауында іздестіру шаралары 1 ұшақ, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты, 7 тікұшақ, 8 кеме және 9 катердің қатысуымен жүргізілуде.

Бұл шараларға түрік “SAT” арнайы жасақ сарбаздары мен Түрік Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлер тобы да қатысып жатыр.

Отандық және ұлттық мүмкіндіктермен жасалған әрі бір километр тереңдікке дейін іздестіру-құтқару тапсырмасын орындайтын «TCG Işın» кемесі де Гирне жағалауында аударылған кеме батқан аймақтағы іздестіру жұмыстарына басшылық етуде.

«TCG Işın» кемесі 514 метр тереңдікке батып кеткен кеме қалдықтарына қысымға төзімді арнайы киім киген персоналды және робот-суасты қайығын жіберетіні белгілі болды.

Гирне жағалауында аударылған кеме

СКТР-даегі Гирне порты мен Мерсиндегі Ташуджу порты арасында қатынайтын «Filo Jet» деп аталатын жоғары жылдамдықты жолаушылар кемесі жексенбі күні түс ауа Гирнеден жолға шыққаннан кейін көп ұзамай алдыңғы бөлігінен су ала бастаған.

Кеме Гирне портына қайта оралуға тырысқан сәтте аударылып кеткен.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты

Кемеден 241 адам құтқарылып, 8 адамның мәйіті табылды.

Кеменің батып кеткен қалдықтары теңіздің 514 метр тереңдігінде екені хабарланды.

Іздеу
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Түркия Сирияға көңіл айтты
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді
Фетхиеде теңізді қорғау науқаны басталады
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті