САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Көшбасшылар ынтымақтастыққа қатысты келісімдер мен Сеул декларациясын қабылдады.
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары

Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары өндіріс пен инфрақұрылым, маңызды минералдар, энергетика және цифрлық трансформация салаларында ынтымақтастық орнатады.

«Yonhap» агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Сеулде өткен Корея–Орталық Азия саммитінде бас қосты.

Президент әкімшілігінің қоғаммен байланыс хатшысы Сон Ги Хон саммит барысында көшбасшылар өнеркәсіптік саясат, өндіріс пен инфрақұрылым, маңызды минералдар, энергетика және цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі өзара келісімге қол қойғанын мәлімдеді.

Сонның айтуынша, көшбасшылар ынтымақтастыққа қатысты келісімдер мен ортақ ұстанымдарды қамтитын Сеул декларациясын қабылдаған. Ол бұл құжатты Оңтүстік Корея мен Орталық Азия арасындағы 30 жылдық ынтымақтастық кезеңіне бастау болатын «маңызды бетбұрыс» деп атады.

Сондай-ақ көшбасшылар жасанды интеллект пен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен бастама көтерді.

 

Іздеу
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды
Ұлыбритания ыдырай ма? Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльстен тәуелсіздік қадамдары
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Моди Путинге: "Қақтығыстарды шешудің жалғыз жолы - диалог"
Каллас Палестинадағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салуды қолдады
Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барды
Сирия АЭХА шешімін құптады
Алжир Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыстарын үзді
Ағылшын дипломаттар туралы ақпарат жинаған "Украина тыңшысы" қамауға алынды
Украина Ресейге шабуылдады
Сирия Нетаньяхудың басып алынған Сирия аумағына баруын айыптады