САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Зеленский Трамппен әңгімелеседі
Ақ Үй Киевпен «бар болғаны бірнеше келіспеушілік нүктесі» қалғанын жеткізді.
Зеленский Трамппен әңгімелеседі
"Біздің командамыз жаңа жоба туралы баяндады" - деді Зеленский. / AP

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Украинаның соғысын тоқтатуға бағытталған ықтимал бейбіт келісімнің ең күрделі тұстары тікелей АҚШ президенті Дональд Трамппен талқыланатынын айтты.

Зеленский “Х” әлеуметтік желісінде жариялаған үндеуінде: «Бүгін біздің делегация Женевада АҚШ тарапы және еуропалық әріптестермен өткен келіссөздерден оралды. Енді соғысты аяқтау үшін қажет қадамдардың тізімі нақты болуы мүмкін. Женевадан кейін тармақтар азайды және осы шеңберге қатысты көптеген дұрыс элемент ескерілді», -деді.

Кез келген шеңберді түпкілікті бекітпес бұрын әлі орындалуы тиіс жұмыс бар екенін айтқан Зеленский «Командамыз жаңа жоба туралы баяндады және бұл шынымен дұрыс бағыт. Даулы мәселелерді президент Трамппен талқылаймын», - деп қосты.

Зеленский бөлек жазбасында серіктестермен жүргізіліп жатқан «нәтижелі жұмыстың» әлі де маңызды екенін атап, Ресейдің қысымды жалғастыратыны жөнінде ескертті.

Ақ Үй Вашингтон мен Киев арасындағы келіссөздердің әлі де нәтижелі жалғасып жатқанын, бірақ тараптар арасында кейбір мәселелер бойынша айырмашылықтар бар екенін растады.

АҚШ баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт президент Трамптың келісімге қол жеткізуге болатынына оң көзқарас білдіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Трамп Ресейді жақтайды деген сындар, оның ішінде республикалық партия ішіндегі пікірлер шындыққа сай емес.

Іздеу
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді