Дмитрий Песков Ресейдің Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейді де ұйымға қосу жөніндегі мәлімдемесіне түсініктеме берген Песков Ресейдің аталған ұйымға қосылуы орынды болатынын айтты.
Ол Ресейде түркі тектес халықтар тұратын көптеген өңір бар екеніне назар аударды.
«Ресейдің Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылуы орынды болар еді. Бұл жерде Ресейдің жекелеген өңірлерінің емес, тұтас елдің қатысуы туралы сөз болып отыр», – деді Песков.
Кремль өкілі бұл мәселеге қатысты әзірге ресми шақырту түспегенін атап өтті. Сондай-ақ аталған тақырып Қазақстанмен алдағы кездесулер мен келіссөздер барысында күн тәртібінде болуы мүмкін екенін жеткізді.





















