ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
" Әсіресе қару-жарақсыз мәртебесі бар аралдардың қаруландырылуы біз үшін қауіп." деді ол.
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «Біз Грекияның аймақты тұрақсыздандырғысы, хаосқа сүйрегісі келетіндердің ойыншығына айналғанын қаламаймыз. Дұрыс көршілік қарым-қатынаста болғымыз келеді», — деді.

Хакан Фидан баспасөз өкілдеріне сыртқы саясат бойынша мәлімдеме жасады.

Грекиямен қарым-қатынастар туралы Фидан: «Біз Грекияның аймақты тұрақсыздандырғысы, хаосқа сүйрегісі келетіндердің ойыншығына айналғанын қаламаймыз. Дұрыс көршілік қарым-қатынаста болғымыз келеді», — деп, әсіресе қауіпсіздікке қатысты түсініспеушіліктердің екіжақты түрде алдын алу қажеттігіне тоқталды.

Аралдардың қаруландырылуы мәселесінде Түркияның өте маңызды сезімталдық танытып отырғанын атап өткен Фидан: «Олар бұны біледі, бұл ұстанымымызды жеткіздік. Әсіресе қару-жарақсыз мәртебесі бар аралдардың қаруландырылуы біз үшін қауіп. Әрине ол жақта сайлау процесі де бар. Грек саясатында Түркияға қарсылық тарихи түрде кең тараған», — деген сөздерге орын берді.

Фидан: «Біздің ең көп назар аударатын мәселелеріміздің бірі — халықаралық шарттармен әскерилендірілмеген мәртебе берілген және бұл мәртебесі даусыз түрде сақталуы тиіс аралдарда Грекияның келісімшарттық міндеттемелеріне қайшы келетін кейбір әрекеттерге баруы», — деп, мұның 1960 жылдардан бері болып келе жатқанын және бір-бірімен байланысты Эгей проблемаларының маңызды бөлігін құрайтынын атап өтті.

Түркияның 1960 жылдардан бері қажетті реакцияны білдіріп келе жатқанын баса айтқан Фидан қажет болған жағдайда екіжақты арналар арқылы Грекияға ескертулер мен наразылықтардың жеткізілетінін, ал қажет болғанда НАТО-да Түркияның ұстанымы білдіріліп, бұл мәселенің Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылатынына назар аудартты.

Сыртқы істер министрі: «Көршіміз әрі одақтасымыз Грекияны одақтастық рухына сай, ақылға қонымды түрде келісімшарттық міндеттемелерін орындауға шақырамыз. Айналамызда қауіпсіздік саласында осындай сын-қатерлер көп болып тұрғанда Грекия олардың қатарына жаңасын қоспауы тиіс», — деген тіркесті қолданып, соңғы кезеңде басталған шешімге бағытталған оң атмосфераны дамыта отырып сақтау қажеттігін білдірді.

Іздеу
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды
Израиль баспасөзі: "Президент Ердоған Түркияны Таяу Шығыста күрделі актерге айналдырды"
Сирия-Түркия қарым-қатынастары соңғы 2 жылда үлкен серпін алды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Моди Путинге: "Қақтығыстарды шешудің жалғыз жолы - диалог"
Түркі мемлекеттері арасында «TÜRKPOL» құрылады
Сабаленка мен Рыбакина “US OPEN”чемпионатының финалына шықты
Каллас Палестинадағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салуды қолдады
Путин БРИКС саммитіне қатысу үшін Үндістанға барды
Грек баспасөзі: «Түркияның ірі держава ретіндегі күшін елемеуге болмайды»
Түркия мен Ирак Анкарада қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады