ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Ұйым Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары тоқтағанға дейін қарым шабуыл жасауды жалғастыратынын мәлімдеді.
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарында 1530-дан астам адам қаза тапқан. (Мұрағаттық сурет) / Reuters

«Хезболла» Израильдің Ливанға жасаған соңғы шабуылдарына жауап ретінде Израильдің солтүстігіне зымыран атқанын хабарлады.

Ұйым бейсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде Израильдің бітім келісімін бұзуына жауап ретінде Израильдің Манара елді мекенін зымырандармен нысанаға алғанын айтты.

«Хезболла» қарымта шабуылдарының «елімізге және халқымызға қарсы АҚШ-Израиль басқыншылығы тоқтағанға дейін» жалғасатынын жариялады.

Бұған дейін Yedioth Ahronoth газеті тоғыз сағатқа созылған тыныштықтан кейін Ливаннан Израильдің солтүстігіне қарай атылған зымыранның Жоғарғы Галилея үстінде тойтарылғанын хабарлаған еді.

Израильдің шабуылдары жалғасуда

Бұл оқиғалар АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісім жариялағаннан бір күн өткен соң болды.

Израиль Иранмен екі апталық бітімді қолдайтынын білдірген, алайда ирандық және пәкістандық шенеуніктердің мәлімдемелеріне қарамастан бұл бітімнің Ливанды қамтымайтынын алға тартқан болатын.

Ливанның Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, Израиль әскері сәрсенбі күні Ливанның бүкіл аумағында ауқымды әуе шабуылдарын жасап, кемінде 254 адамды өлтіріп, 1 165 адамды жаралаған.

2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары салдарынан 1 530-дан астам адамның қаза тапқаны хабарлануда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр
Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты