ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияда терроризмді тоқтатуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте талқылана бастады
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі үкіметтің «Терроризмнен азат Түркия» бастамасының маңызды құқықтық құрамдас бөлігі саналатын «Қоғамдық интеграцияны нығайту туралы» заң жобасын талқылауға кірісті.
Түркияда терроризмді тоқтатуға бағытталған заң жобасы Мәжілісте талқылана бастады
Парламенттік талқылау — кең ауқымды «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіндегі маңызды заңнамалық қадам. (AA)

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі үкіметтің Түркияда ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан терроризм мәселесін тоқтатуға бағытталған «Терроризмнен азат Түркия» бастамасының маңызды құқықтық құрамдас бөлігі саналатын «Қоғамдық интеграцияны нығайту туралы» заң жобасын талқылауға кірісті.

Заң жобасы құзырлы органдар PKK/KCK террорлық ұйымы мен оған байланысты топтардың қызметін тоқтатып, қаруларын тапсырғанын анықтаған жағдайда тергеу, қылмыстық қудалау, сот үкімдері және оларға қатысты құқықтық рәсімдерді тоқтата тұру тәртібін белгілейді.

Депутаттар әділет пен ұлттық бірлікке баса назар аударды

Дүйсенбі күні Мәжілістің жалпы отырысындағы талқылау барысында сөз сөйлеген “Saadet” партиясының жетекшісі Махмут Арыкан депутаттардың Түркияның өткенімен қатар болашағына да ықпал ететін заңды қарастырып жатқанын айтты.

Арыкан елдегі терроризм мәселесін шешу үшін елеулі күш-жігер жұмсалғанын атап өтіп, оның партиясы «Терроризмнен азат Түркия» үдерісі барысында өздерінің ұстанымы мен талаптарын ашық түрде білдіріп келгенін мәлімдеді.

Арыкан сондай-ақ тұрақты шешімге әділеттілікті, құқық үстемдігін, қоғамдық интеграция мен бауырластықты қатар нығайту арқылы қол жеткізуге болатынын атап өтті.

«Yeni Yol» партиясының парламенттегі тобының төрағасы Мехмет Емин Екмен президент Режеп Тайып Ердоғанға үдерісті басқаруда және оны бүгінгі кезеңге жеткізуде айқын әрі сындарлы рөл атқарғаны үшін алғыс білдірді.

Екмен сондай-ақ Ұлтшыл қозғалыс партиясының (MHP) жетекшісі Девлет Бахчелиге де осы бастама барысында көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Заң жобасы қару тапсыру үдерісінен кейінгі құқықтық тәртіпті айқындайды

Аталған заң жобасы ұйымға мүше болу, ұйымға көмек көрсету немесе оны паналату секілді қылмыстармен қатар ұйымның қызметі аясында жасалған қылмыстарды және ұйымның пайдасына жүзеге асырылған терроризмді қаржыландыру қылмыстарын да қамтиды.

Заң ережелері құзырлы органдар PKK/KCK террорлық ұйымы мен оған байланысты топтардың өз қызметін тоқтатып, қаруларын тапсырғанын анықтағаннан кейін күшіне енеді.

Мәжілістегі талқылаулар ауқымды «Терроризмнен азат Түркия»  үдерісіндегі маңызды құқықтық қадам саналады. Қазіргі уақытта депутаттар ұсынылып отырған құқықтық тетіктің терроризмді түпкілікті тоқтатуға қалай ықпал ете алатынын бағалаумен қатар әділеттілік, жауапкершілік және қоғамдық үйлесімге қатысты мәселелерді қарастыруда.

Іздеу
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Иран: «Көрші елдермен, әсіресе Түркиямен қарым-қатынас жақсы деңгейде»
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады
Волейболдан Түркия ерлер құрамасы «CEV 2026» Еуропа чемпионатында Швейцарияны жеңді
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Нетаньяхудың партиясы араб депутаттар бар партияларды Кнессет сайлауынан шеттетуге әрекет етуде
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Иран мен БАӘ екіжақты байланысты дамыту және ынтымақтастық аясын кеңейту туралы келісімге келді
Кремль: "Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер қазанда басталуы мүмкін"
Қазақстандық Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды