САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа” ұқсас бір кезеңге айналып барады
АҚШ президенті Трамп Иранға қарсы жаңа әскери операция бастау мен қаржылық санкциялардың Тегеранды келіссөз үстеліне қайтарып қайтармауын күту арасында екіұдай күйде қалды.
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа” ұқсас бір кезеңге айналып барады

Axios” басылымының АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы тығырықтың жақын арада шешілетініне ешқандай белгі жоқ. Хабарда айтылғандай, қақтығыс қаржылық санкциялар, теңіз блокадасы және келіссөз жүргізіп-жүргізбеу жөніндегі саудаласу арасында «Қырғиқабақ соғысқа ұқсас кезеңге» аяқ басты.

Мақалада шенеуніктердің АҚШ-тың «соғыссыз және келісімсіз» тоқтап қалған қақтығысқа тартылуынан алаңдайтыны айтылған. Бұл жағдайда Вашингтон өз әскерін аймақта көп уақыт ұстауға мәжбүр болады.

Сейсенбі күні жарияланған хабарда егер жағдай осындай болатын болса, Ормуз бұғазы жабық қалады, АҚШ блокадасы жалғасады және екі тарап та бірінің «кері қадам басуын немесе алғашқы оқты атуын» күтумен болады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа әскери соққы жасау немесе «барынша қысым» саясаты аясындағы қаржылық санкциялардың Иранды келіссөзге мәжбүрлеуін күту мәселесінде шешім қабылдай алмай отыр.

Қараша айында өтетін аралық сайлауға алты ай қалғанда Трампқа жақын шенеунік “Axios-қа” берген сұхбатында: «Тоқтап қалған қақтығыс Трамп үшін саяси және экономикалық тұрғыдан ең нашар нәрсе», — деді. Ол сондай-ақ «Президент көңілі қалғандай көрінгенімен, жағдайға шынайы қарайды. Ол күш қолданғысы келмейді, бірақ кері шегінетін түрі де жоқ», — деп қосты.

Осы арада Катар АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздердің тығырыққа тірелуіне байланысты Парсы шығанағындағы «тоқтап қалған қақтығыс» қаупі туралы ескертті. Катар СІМ өкілі Маджед әл-Ансари: «Біз аймақта жақын арада соғыстың қайта басталғанын қаламаймыз, сонымен бірге әр саяси мүмкіндікте қайта тұтанатын тоқтап қалған қақтығыс процесіне де кіргіміз келмейді», — деді.

“Axios” хабарына қарағанда, Трамптың кейбір жоғары лауазымды кеңесшілері АҚШ-қа әзірге Ормуз бұғазындағы блокаданы сақтап тұруды және жаңа бомбалауды бастамас бұрын Иранға қарсы экономикалық санкцияларды күшейтуді ұсынып отыр.

Трамп дүйсенбі күні Иран жолдаған ұсынысты өз ұлттық қауіпсіздік тобымен талқылады. Иран өз кемелеріне АҚШ блокаданы алып тастаса, Ормуз бұғазын қайта ашу мәселесін талқылауды ұсынды. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Трамптың бұл ұсынысты қабылдауы екіталай, өйткені бұл қадам Иранға шабуыл жасаудың «негізгі себебі» ретінде көрсетілген ядролық бағдарламаны жою туралы келіссөздерге кедергі келтіруі мүмкін.

Іздеу
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді
Дания Сыртқы істер министрі Расмуссен Ресейдің Даниядағы елшісі Барбинді министрлікке шақырды
Израильдің Газаға жасаған шабуылдарынан үш адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды
Ұлыбритания ыдырай ма? Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльстен тәуелсіздік қадамдары