САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
Аталған қарар жобасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен Газа аймағындағы атысты тоқтату режимін бақылау және АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарын қолдау мақсатында Халықаралық Қауіпсіздік Күшіне өкілеттік беруді сұрайды.
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды / Reuters

АҚШ президент Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын Газа бейбітшілік жоспарын қолдауға бағытталған және Халықаралық тұрақтылық күшін бекітуді қамтитын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жобасын серіктес елдерге ұсынғанын хабарлады.

АҚШ миссиясының өкілі сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде АҚШ елшісі Майк Уолтцтың бұл жобаны Қауіпсіздік Кеңесінің 10 мүшесімен, сондай-ақ Түркия, Мысыр, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы сияқты аймақтық әріптестермен бөліскенін айтты.

Қарар жобасын дауысқа салу күні әзірге белгілі емес.
АҚШ-тың мәлімдемесінде бұл жоба Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарында көзделген және оның басшылығымен құрылатын Газадағы уақытша басқару органы «Бейбітшілік кеңесін» құптайтыны атап өтілді.

Қарар сонымен қатар бейбітшілік жоспарында қарастырылған Халықаралық тұрақтылық күшіне өкілеттік беруді де қамтиды.

Дипломатиялық дереккөздерге сүйенсек, бірнеше ел  Халықаралық тұрақтылық күшінің құрамына қосылуға дайын екенін мәлімдеген, алайда Палестинаға әскер жібермес бұрын Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін күтуде.

АҚШ өкілі: «Америка Құрама Штаттары президент Трамптың басшылығымен БҰҰ аясында шексіз пікірталас емес, нақты нәтижелерге қол жеткізетін болады», - деді.

Халықаралық күш құру бастамасы 10 қазандағы Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы атысты тоқтату келісімінің басты тетіктерінің бірі ретінде бағаланып отыр.

Келісімге сәйкес, әскерлердің басым бөлігі араб және мұсылман елдерден таңдалып, Газадағы қауіпсіздікті бақылау үшін орналастырылады.

АҚШ өкілі: «Тараптар ондаған жыл бойы төгілген қанды тоқтатып, АҚШ президентінің Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілік жөніндегі көзқарасын жүзеге асыру үшін осы тарихи мүмкіндікті пайдаланды», - деді.

Трамп жоспарының келесі кезеңі Израильдің Газадан әскер шығаруын, ХАМАС қозғалысының қарусыздандырылуын және Палестинада қираған елді мекендердің қайта қалпына келтірілуін көздейді.

Іздеу
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді"
Иран армиясының қолбасшысы: «Хаменеидің кегін аламыз»
Дания Қытай Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Трамп Иранмен келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Кремль Украинаға қысымды күшейтетінін хабарлады
Израиль Сирияның Дара өңіріндегі егін алқаптарын нысанаға алды
«Аса қажеттілік туындамаса, Трамп Иранға әскер жібермейді»
Ливанда Израиль шабуылдарынан 4 297 адам қаза тапты
Тегеран: “АҚШ өңірден кетпейінше тұрақты қауіпсіздік болмайды”
АҚШ азаматтық алу мәселесіне қатысты тергеу жүргізеді
АҚШ пен Иран 6 млрд долларлық активтер бойынша келіссөздерді қайта бастайды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды