САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран Австралияның елшісін шығарып жібергеніне жауап қайтарады
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи: "Дипломатиялық деңгейде кез келген орынсыз және негізсіз әрекетке жауап қайтарылады," деді.
Иран Австралияның елшісін шығарып жібергеніне жауап қайтарады
/ AFP

Иран Австралия елшісін елден шығарып жібергеннен кейін қарсы жауап қайтаратынын мәлімдеді. Австралия Тегеранды Сидней мен Мельбурнде антисемиттік өрт шабуылдарын ұйымдастырды деп айыптады.

«Бұл айыптаулар мүлдем қабылданбайды», – деді Иранның Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи сейсенбі күнгі апта сайынғы баспасөз мәслихатында. Ол «дипломатиялық деңгейде кез келген орынсыз және негізсіз әрекетке жауап қайтарылады» деп қосты.

Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе бұған дейін 2024 жылы болған қасақана өрт шабуылдарының артында Иран бар деп айыптаған болатын.

Екі шабуылда да ешкім зардап шеккен жоқ.

Австралия Иран елшісі Ахмад Садехиді «персона нон грата» деп жариялап, оны және тағы үш шенеунікті жеті күн ішінде елден кетуге бұйырды.

Сонымен қатар Австралия өз елшісін де Ираннан шақырып алып, 1968 жылы ашылған Ирандағы елшілігінің жұмысын тоқтатты.

Бкеаи бұл шаралар Австралиядағы Газадағы соғысқа қарсы наразылық секілді ішкі әрекеттердің әсерінен қабылданған сияқты екенін айтты.

«Бұл әрекет Австралия тарапынан сионистік режимге (Израильге) бағытталған санаулы сынды жуып-шаю үшін жасалған сияқты», – деп ол.

Бұған дейін Израиль мен Австралия арасындағы қарым-қатынас Австралияның премьер-министрі Энтони Албанезе басқаратын орталық-солшыл үкіметінің 11 тамызда Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімінен кейін нашарлаған болатын.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Албанезені сынаған еді.

“Sky News Australia” арнасына берген сұхбатында Нетаньяху Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімі Албанезеге «мәңгілікке дақ түсіреді» деп айтты.

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты