ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Газадағы аштық дағдарысын «қорқынышты» деп сипаттады
АҚШ президенті Израильдің қоршауындағы Газа секторында күшейіп жатқан гуманитарлық апатты мойындады. Американың билік өкілдері Израиль басқаруындағы азық-түлік тарату пункттерін тексеруге дайындалуда.
Трамп Газадағы аштық дағдарысын «қорқынышты» деп сипаттады
/ AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Газадағы палестиналықтар бетпе-бет келіп отырған аса ауыр аштық дағдарысын мойындап, Израильдің қоршауы мен гуманитарлық көмек шектеулерінен туындаған аштық дағдарысын «қорқынышты» деп сипаттады.

Бейсенбі күні Ақ Үйде журналистерге мәлімдеме жасаған Трамп: «Онда болып жатқан жағдай қорқынышты. Иә, бұл өте қорқынышты жағдай. Адамдар қатты аш. Бұл шынымен де қорқынышты жағдай»,-деді.  Алайда АҚШ президенті гуманитарлық көмек тарату орындарындағы кезекте 1 000-нан астам палестиналықтың қаза болуына себеп болған Израиль жайында сөз қозғамады.

Трамптың бұл мәлімдемесі АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакабидің Израиль басқаратын даулы Газа гуманитарлық қоры арқылы ұйымдастырылған азық-түлік тарату пункттерін тексеріп, жаңа көмек стратегиясын үйлестіру үшін Газаға баруға дайындалып жатқан сәтте жасалды.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт: «Ресми тұлғалар тарату нүктелерін тексеру, көбірек азық-түлік жеткізу үшін жоспар құру және аймақтағы ауыр жағдайды көру үшін Газаға барады», – деді.

Левитт ресми тұлғалардың нақты қай «жергілікті газалықтармен» кездесетіні жөнінде мәлімет берген жоқ.

Левитт бұл сапар Стив Уиткофф, АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби және Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху арасында өткен «нәтижелі» кездесуден кейін жүзеге асып жатқанын атап өтті. Екі өкіл оралғаннан кейін бірден АҚШ президентіне баяндама жасайтынын және көмек жеткізу жоспары осы кездесуден кейін нақтыланатынын мәлімдеді.

Бұл сапар 2 наурыздан бері Израиль Газаға толық қоршау енгізіп, БҰҰ-мен гуманитарлық ұйымдардың үндеулеріне қарамастан барлық гуманитарлық көмек көліктері тоқтатылғаннан кейін болған Газадағы аштық дағдарысына халықаралық алаңдаушылық күшейіп тұрған тұста жүзеге асуда.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады