САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сирия Президенті: «Сирия Демократиялық күштері 10 наурыз келісіміне қайшы әрекет етуде»
Ахмед Шара Сирияның бірлігі мен егемендігіне деген адалдығын қайта растады.
Сирия Президенті: «Сирия Демократиялық күштері 10 наурыз келісіміне қайшы әрекет етуде»
. / AA

Сирия Президенті Ахмед Шара Сирия Демократиялық күштерінің 10 наурыз келісімін орындауға қатысты жасаған мәлімдемелері мен құрлықтағы іс-әрекеттері арасында қайшылық бар екенін мәлімдеді.

Шара сәрсенбі күні Идлибтің солтүстігінен келген делегациямен өткен кездесу барысында мәлімдеме жасады.

Шара Сирия Демократиялық күштерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен келіссөздер арқылы 10 наурыз келісімін орындауға дайын екенін мәлімдегенімен іс жүзінде қайшы әрекет жасап жатырғанын атап өтті. Ол келісімді жүзеге асыру бойынша келіссөздердің жалғасып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Сирия, Сирия Демократиялық күштері, АҚШ және Түркияның келісім аясында ортақ мәмілеге келгенін және осы төрт маңызды тараптың Солтүстік-Шығыс Сириядағы мәселе бойынша мәмілеге келген жағдайда жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ келісімнің жыл соңына дейін жүзеге асырылуы үшін уақыт белгіленгенін атап өтіп, Сирияның солтүстік-шығысында бейбітшілік орнату үшін халықаралық қолдаудың маңыздылығына назар аударды.

«Жер берілмейді»

Шара мәселенің бірнеше айдың ішінде шешілуі мүмкін екеніне тоқталып, Сирияның «бір қарыс болса да жер бермейтінін» және мемлекеттік құқық пен Конституция аясында адам құқықтары қорғалатынын қайталады.

Сирия Президенттігі 10 наурызда Сирия Демократиялық күштерінің мемлекеттік мекемелерге интеграциясына қатысты келісімге қол қойылғанын, елдің аумақтық тұтастығының қайта расталғанын және бөлшектеу әрекеттерінің қабылданбайтынын жариялаған болатын.

Сирия Демократиялық күштері террористік ұйым РКК-ның Сириядағы тармағы саналатын YPG тарапынан басқарылады.

Сирия үкіметі 1963 жылдан бері билікте болған Баас партиясы режимі күйрегеннен кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қаңтар айында Шараның басшылығымен жаңа үкімет құрылды.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады