ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“Global Sumud” флотилиясы Газаға жақындап, қауіпті аймаққа кірді
Израильдің қоршауын айыптап, шұғыл гуманитарлық көмекті жеткізу үшін Газаға бет алған 50-ден астам кемеден тұратын флотилия бұған дейінгі ұқсас миссиялар шабуылға ұшыраған «жоғары қауіпті аймаққа» кірді.
“Global Sumud” флотилиясы Газаға жақындап, қауіпті аймаққа кірді
Флотилия Израиль қоршауын бұзу мақсатында тамыз айының соңында және қыркүйек басында жолға шықты / Reuters Archive

Газаны бұғаттауды бұзу мақсатымен жолға шыққан “Global Sumud” Флотилиясы “Telegram”-да жариялаған мәлімдемесінде кемелердің қазір қоршаудағы аумақтан шамамен 121 теңіз милі (225 шақырым) қашықтықта екенін хабарлады.

Сәрсенбі таңындағы мәлімдемеде: «Белгісіз кемелер флоттағы кейбір қайықтарға жақындап, жарықтарын сөндірген күйде болды. Қатысушылар ықтимал тосқауылға дайындық үшін қауіпсіздік протоколдарын қолданды. Кейін бұл кемелер алыстап кетті. Біз Газаға қарай жүзуді жалғастырамыз, 120 теңіз милі шегіне жақындап қалдық. Бұл – бұрынғы флотилиялар тоқтатылған немесе шабуылға ұшыраған аймаққа жақын қашықтық», делінді.

Магрибтен қатысқан топтың өкілі Ваэль Науар “Facebook” желісінде: «Кемелеріміздің үстінде ұшып жүрген дрондар саны екі есе артты, ал интернет арқылы күшті радио кедергілерге тап болдық. Бүгін түнде болсын, ертең болсын, тосқауыл сәтіне бәріміз дайынбыз», деді.

Флоттағы бір кемеде жүрген «Al Jazeera» тілшісі Жерорта теңізінде жүзіп бара жатқан флотилияның үстінен орта биіктікте белгісіз барлау дрондарының байқалғанын хабарлады.

Түркиялық белсенді Мұхаммед Салих “Adagio” атты қайықтан жасаған мәлімдемесінде Израиль Әскери-теңіз күштеріне тиесілі бір кеменің Флотилиядан 80 шақырым (50 миль) қашықтықта анықталғанын жеткізді.

«Жоғары қауіпті аймақ»

“Global Sumud” флотилиясы “Telegram”-дағы жазбасында: «Қазір біз жоғары қауіпті аймаққа кірдік. Бұл – бұрынғы флотилиялар шабуылға ұшыраған немесе тоқтатылған жер», деп мәлімдеді.

Ұйымдастырушылар халықаралық қауымдастыққа үндеу жасап, «Біздің қауіпсіздігіміз – әлемнің бізді бақылауына байланысты»,- деді.

Олар белсенділердің жаппай жұмылуға дайындалып жатқанын атап өтіп, флотилияға қауіпсіз жол берілуін талап етті. Ұйымдастырушылар: «Флотилияға жасалған шабуыл – Палестинаға жасалған шабуыл» - деп, қолдаушыларды хабар таратуға, ұжымдық әрекетке қосылуға және Газаға қарсы жалғасып жатқан геноцидке қарсылық білдіруге шақырды.

Қоршауды бұзу

Израильдің ресми хабар тарату ұйымы “KAN” сейсенбі күні флотилияның Израильдің бақылау аймағына кіргенін, ал Әскери-теңіз күштерінің кемелерді қолға түсіруге дайындалып жатқанын хабарлады.

“KAN” дерегінше, Израиль билігі флот белсенділерін үлкен әскери кемеге көшіруді және қайықтарды Ашдод портына сүйреп апаруды жоспарлауда. Кейбір кемелердің суға бату қаупі де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - "Sumud" флотилиясының алғашқы қайығы Газаға жол тартты

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді