САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Ли Чжэ Мён Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ретінде ант берді
Елдің жаңа басшысы Солтүстік Кореямен диалог жүргізуге, АҚШ және Жапониямен байланыстарды нығайтуға және Трамптың тарифтік өсімінен экономиканы қорғауға уәде берді.
Ли Чжэ Мён Оңтүстік Кореяның жаңа президенті ретінде ант берді
/ AP
4 Маусым 2025

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Ли Чжэ Мён кезектен тыс сайлаудағы тарихи жеңісінен кейін ант қабылдап, міндетін бастады.  Ол  Солтүстік Кореямен дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуға және АҚШ пен Жапониямен үшжақты ынтымақтастықты тереңдетуге уәде берді.

Ұлықтау рәсімінде Ли өз үкіметінің Оңтүстік Корея-АҚШ альянсына негізделген Солтүстік Кореяның қауіп-қатерлеріне қарсы «күшті тежеу» саясатын ұстанатынын, бірақ түбекте бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін диалогқа есік ашық қалатынын айтты.

Ол прагматикалық сыртқы саясат жүргізуге және Сеул-Вашингтон-Токио байланыстарын нығайту арқылы аймақтық тұрақтылыққа үлес қосуға мүдделі екенін білдірді.

Ли сондай-ақ Оңтүстік Кореяны «жаңартылатын энергияға негізделген қоғамға» айналдыруға және теңсіздік пен демографиялық құлдырауды шешуге бағытталған ішкі реформаларды жүзеге асыруға уәде берді.

Экономикалық қиындықтар және тарифтік шиеленістер

Ли өз президенттігін экономикалық қысым күшейген уақытта бастады. Елінің болат және алюминий экспорты АҚШ президенті Дональд Трамптың сауда шаралары аясында 50 пайыздық жоғары тарифтерге тап болды.

Өткен жылы Оңтүстік Корея АҚШ-қа болат экспорттаушы төртінші ірі ел болды. Сарапшылар жаңа әкімшілік биліктің кенеттен ауысуын сылтау етіп, келіссөздерді кейінге қалдыруы мүмкін екенін айтады, бұл Жапония мен Қытай сияқты елдердің Трамп әкімшілігімен сауда келіссөздерін қалай жүргізіп жатқанын зерттеуге уақыт береді.

Ли «келісімге асығудың қажеті жоқ» деп мәлімдеді, бірақ АҚШ-пен сауда «ең өзекті мәселе» екенін мойындады.

Ол протекционизмнің артуы сияқты жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық мүдделер үшін прагматикалық дипломатия жүргізетінін, сонымен қатар АҚШ және Жапониямен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.

Солтүстік Корея және аймақтық қауіпсіздік

Лидің Солтүстік Кореяға қатысты ұстанымы оның алдындағы президент Юн Сок Ёльдің қатал саясатын өзгертуді көздейді, оның кезінде Пхеньянмен байланыс төмен деңгейге жеткен болатын.

Корея Социал Демократиялық партиясы жұмсақ саясатымен танымал болса да, Ли әскери тежеуді диалогты әрекеттерімен үйлестіретінін айтты.

«Біз бөліну мен соғыстың жараларын емдеп, бейбітшілік пен өркендеу болашағын құрамыз», – деді ол.

Ол «Құны қанша жоғары болса да, бейбітшілік соғыстан жақсы» деді.

Солтүстік Корея Оңтүстікті жау мемлекет деп жариялап, Ресеймен байланыстарын нығайтты, тіпті Мәскеудің Украинадағы соғысына мыңдаған әскер жібергені туралы хабарланды.

Супердержавалар арасындағы тепе-теңдік

Лидің әкімшілігі АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістерді басқару қысымына да тап болып отыр.

АҚШ Оңтүстік Кореяның негізгі қауіпсіздік серіктесі болып қала берсе де, Қытай Солтүстік Кореяның ұзақ уақыттан бері қолдаушысы болып табылады.

Ли Бейжіңмен достық қарым-қатынасты жақтаған. «TIME» журналына берген сұхбатында Қытай Тайваньға шабуыл жасаған жағдайда Оңтүстік Корея көмекке келер ме? деген сұраққа: «Жерге бөтен ғаламшарлықтар шабуыл жасағанда жауап беремін», – деп әзілдеді.

Саяси реформа және әлеуметтік мәселелер

Ол азаматтық басқаруды тоқтату әрекетін тексеруге және болашақта мұндай қадамдардың алдын алу үшін конституциялық өзгерістер енгізуге уәде берді.

Жаңа президент әлемдегі ең төмен туу көрсеткіші, теңсіздіктің артуы және тұрғын үй дағдарысы сияқты шұғыл ішкі мәселелермен бетпе-бет келуде.

Ли жұмыс аптасын қысқартуға, зейнеткерлік жасын арттыруға және балаларға, қарттарға және мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтерді кеңейтуге уәде берді.

Іздеу
Ердоған Сирияда тұрақты шешім қабылдауға шақырды
Оңтүстік Кореяда бұрынғы премьер-министр 23 жылға сотталды
Иранда қаза тапқандар саны 4519-ға жетті
YPG шабуылынан 7 адам қаза тапты
Зейнеп Сөнмез Аустралия ашық чемпионатында келесі кезеңге өтті
Түркия кейбір күдіктеріне қарамастан Сирия–YPG келісімін қолдайды
Президент Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады
Миннеаполисте 10 мыңнан астам мигрант ұсталды
Ресей мен Украина төрт айлық үзілістен кейін соғыс тұтқындарын алмасуды қайта бастауға ниет білдірді
Үндістан мен БАӘ байланыстарын нығайтпақ
ДАИШ-тің 81 тұтқыны қайта қолға түсті
Түркия Сирия армиясының қолдауымен ДАИШ лаңкестерінің босатылғаны туралы айыптауларды жоққа шығарды
Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
Ердоған Дамаскідегі атыс тоқтату келісімін жоғары бағалады
Ирандағы шерулерде  қаза тапқандар саны 4 000-нан асты