САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Путин ХАМАС-қа "гуманитарлық әрекеті" үшін алғыс айтты
Ресей Президенті Владимир Путин Газа секторындағы ресейлік азамат Александр Труфанов босатылғанынан кейін ХАМАС ұйымына алғыс білдірді.
Путин ХАМАС-қа "гуманитарлық әрекеті" үшін алғыс айтты
/ Reuters

Бұл қадам АҚШ пен Израиль тарапынан айтылған «ХАМАС тұтқындарды босатудан бас тартып отыр» деген мәлімдемелермен қайшылыққа түсіп отыр. Аталған айыптауларды бұған дейін тұтқындардың өздері де жоққа шығарған болатын.

Кремльде босатылған Александр Труфанов пен оның отбасымен кездескен Путин сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, оның босатылуын Ресейдің Палестина халқымен тарихи тығыз қарым-қатынасымен байланыстырды.

«Әрине осындай жағдайларды қайталап, ұқсас қиындық көріп отырған адамдардың барлығының бостандығын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз», – деді Путин.

Аймақтағы саяси ахуалға байланысты еш мәлімдеме жасамаған Путин ХАМАС-тың ресейлік азаматты босатуын «гуманистік қадам» деп бағалап, ұйымның басшылығына үндеуіне құлақ асқаны үшін алғыс айтты:

«Менің ойымша, ХАМАС саяси басшылығы біздің үндеуімізге құлақ асты және бұл гуманистік әрекетті жасады. Сіз бостандыққа шықтыңыз, сізді шын жүректен құттықтаймын», – деді ол.

Ресейлік БАҚ Путиннің Труфановтың анасы Елена мен қалыңдығы Сапир Кохенге гүл сыйлағанын жазды. Екеуі де тұтқында болған 250-ге жуық адамның қатарында болған.

АҚШ пен Израильдің екіжүзділігі

Путиннің бұл қадамы АҚШ пен Израильдің ХАМАС-ты тұтқындарды босатудан бас тартты деген айыптарына тікелей қайшы келіп отыр. Бұл мәлімдемелердің кейбірін босатылған тұтқындардың өздері де жоққа шығарған.

Сәрсенбі күні Палестиналық Ислам Жихады қозғалысы Израиль және Германия қос азаматтығы бар тұтқын Ром Брасловскийдің видеосын жариялады. Видеода ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды Газадағы үздіксіз бомбалауы үшін ашық сынға алған.

«Қайдасың?» – деп сұраған Брасловский Нетаньяхуды тұтқындарды босатуға уәде беріп, орындамағаны үшін айыптаған. Сондай-ақ ол атышулы Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирді бітім мен тұтқын алмасуға қарсы шыққаны үшін сынға алды.

Апта басында тағы бір тұтқын, Израиль  мен Америка азаматы Едан Александр АҚШ президенті Дональд Трампты Нетаньяхудың өтірігіне сенді деп айыптаған еді: «Бәрі өтірік айтты. Халқым да, Израиль үкіметі де, армиясы да, АҚШ әкімшілігі де», – деді Александр.

Оның айтуынша, ХАМАС бірнеше апта бұрын тұтқындарды босатуға дайын болған, алайда Нетаньяху бұған қарсы шығып, бітімді бұзып, соғысты қайта бастауды жөн көрген.

 

Іздеу
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады