ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Токиодағы аукционда салмағы 243 килограмды құрайтын тунец 3,2 миллион долларға сатылды
Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында ауланған 243 килограмм салмақтағы тунец балығын танымал суши мейрамханалар желісін басқаратын компания сатып алды.
Токиодағы аукционда салмағы 243 килограмды құрайтын тунец 3,2 миллион долларға сатылды
Токиодағы аукционда салмағы 243 килограмды құрайтын тунец 3,2 миллион долларға сатылды / Reuters

Дүйсенбі күні Токио қаласындағы «Toyosu Fish Market» базарында өткен осы жылдың алғашқы ашық аукционында теңіз балығы рекордтық 510,3 миллион иенге (шамамен 3,2 миллион АҚШ доллары) сатылды.

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Аомори префектурасындағы Ома жағалауында ауланған 243 кг салмақтағы тунецті «Kiyomura Corp.» компаниясы сатып алды. Бұл компания «Sushizanmai» суши желісін басқарады.

«Kiyomura» компаниясының президенті Киёши Кимура «Kyodo News» агенттігіне «Жылдың алғашқы тунец балығы сәттілік әкеледі. Оны мүмкіндігінше көп адам жеп, өздерін сергек сезінсе екен дейміз», -  деді.

Тунец «Sushizanmai» желісінің Цукидзи ауданындағы бөлімшеде бөлшектеліп, ел бойынша филиалдарға жөнелтіледі. Рекордтық бағаға қарамастан, компания балықты тұтынушыларға әдеттегі бағамен ұсынатынын мәлімдеді.

Токио әкімдігінің дерегінше, биылғы баға 1999 жылдан бергі ең жоғары баға болды.

Аукционда түрлі-түрлі тунецтер сатылып, сатушылар мен сатып алушылар арасында қызу саудаласу болды. Осы аукционды көру үшін жыл сайын көптеген шетелдік турист келеді.

Жылдың алғашқы аукционында сатып алушылар дәстүр бойынша өнімдерді жоғары бағалайды. Өйткені бұл сәттілік әкеледі деген наным бар. Сондай-ақ бұл мейрамханалар үшін маркетинг мүмкіндігі.

 

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді