ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Колумбияда ұшақ апаты: 15 адам қаза тапты
Қаза тапқандардың қатарында Оканья қаласына сапар шегіп бара жатқан депутат Диогенес Кинтеро мен депутаттыққа кандидат Карлос Сальседо да бар.
Колумбияда ұшақ апаты: 15 адам қаза тапты
Ұшақ Кукута шекара қаласынан жолаушылар мен экипажды алып келе жатқан. [Мұрағаттық сурет] / Reuters

Елдің азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, Колумбияның Венесуэламен шекарасына жақын аймақта ұшақтың құлауы салдарынан он бес адам көз жұмды.

Мемлекеттік “Satena” әуе компаниясы пайдаланған ұшақ сәрсенбі күні апатқа ұшыраған сәтте бортында 13 жолаушы мен екі экипаж мүшесі болған.

Ұшақ шекаралық Кукута қаласынан ұшып шығып, түскі уақытта қонуы тиіс болған жақын маңдағы Оканья қаласына жетпей тұрып, әуе қозғалысын басқару мұнараларымен байланысын жоғалтқан.

Азаматтық авиация басқармасының өкілі апаттан «тірі қалған ешкім жоқ» екенін мәлімдеді.

Таулы аймақ саналатын Кукута өңірі ауа райының тез өзгеруімен белгілі.

Билік өкілдері ұшақ қалдықтарын іздеу және қаза тапқандардың мәйіттерін алып шығу үшін әуе күштері бөлімшелерінің өңірге жіберілгенін хабарлады.

Іздеу
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді