ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
«IndiGo» 500 рейсті тоқтатты
Үндістанның ең ірі әуе компаниясы ұшқыштардың жаңа жұмыс ережелерін басқара алмағанын мойындап, Жаңа Делиден барлық рейсті және ел бойынша жүздеген рейсті тоқтатты.
«IndiGo» 500 рейсті тоқтатты
«IndiGo» 500 рейсті тоқтатты / Reuters

«IndiGo» әуе компаниясы жұма күні ел көлемінде шамамен 500 рейсті, соның ішінде Жаңа Дели­ден ұшатын барлық рейстерді тоқтататынын хабарлады. Елдің ең ірі әуе компаниясының операциялық дағдарысы тереңдеуде. Компания жаңа ұшқыштардың жұмыс уақыты ережелеріне жеткілікті деңгейде жоспар құра алмағанын мойындады.

Төрт күнге созылған ақаулар «IndiGo» желісін істен шығарып, мыңдаған жолаушыны әуре-сарсаңға салды. Бұл жағдай әуе компаниясы тарихындағы ең ауыр операциялық дағдарыс деп сипатталуда.

«IndiGo» Үндістанның ішкі әуе нарығының 60 пайыздан астамын басқарады. Әуежай билігінің мәліметінше, компания Мумбайда 104, Бенгалуруда 102 және Хайдарабадта 92 рейсті тоқтатуды жоспарлап отыр.  

«Қате шешімдер мен жоспарлау олқылықтары»

«IndiGo» компаниясы бұл хаосты 1 қарашада күшіне енген Үндістанның жаңа ұшқыштардың шаршау ережелерін енгізудегі қате шешім және жоспарлаудағы олқылықтармен байланыстырды.

Жаңартылған талаптар ұшқыштарға міндетті апталық демалысты 36 сағаттан 48 сағатқа ұзартады және түнгі қонулар санын апта сайын алтыдан екіге дейін қысқартады.

Бейсенбі күні әуе компаниясы реттеуші органдарға барлық операциялардың 10 ақпанға дейін реттелетінін хабарлап, кейбір түнгі рейстерге қатысты уақытша жеңілдік сұраған.

Операциялық дағдарыс инвесторлардың сенімін шайқалтты. «IndiGo» акциялары жұма күні шамамен 3 пайызға төмендеп, апта бойғы шығындары 10 пайыздан асып кетті.

Үкімет деректері бойынша, әуе компаниясының уақытылы ұшу көрсеткіші бейсенбі күні 8,5 пайызға дейін құлдыраған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 19,7 пайыз болатын. «IndiGo» бейсенбі күні 250, сәрсенбі күні шамамен 150 рейсті тоқтатты.

Үндістан ˗ АҚШ пен Қытайдан кейінгі әлемдегі үшінші ең ірі ішкі әуе қатынасы нарығы.

Іздеу
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді